Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет83/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

40-сурет. Ай əсерінен мұхит суының толысуы мен қайтуы
Жер бетінде Айдың 90
о 
бұрыштық
қашықтықта орналасу 
сызығына байланысты толысу мен қайтудың екі түрі байқалады. 
Сизигийлік толысу – Жаңа Ай мен Толық Ай кезінде байқалатын 
болса, квадратурлық толысу –алғашқы жəне соңғы Жарты Ай фа-
засы кезінде жүзеге асады.
Толысу толқынының биіктігі ашық мұхитта 0,5-1 метрге, ал тар 
шығанақтар мен қойнауларда 10-15 метрге дейін жетеді. Ең жоғары 
толысу толқынының биіктігі 18 метр, Атлант мұхитының Фанди 
шығанағына тəн. 
Жер – Ай жүйесінің қозғалысы Жердегі тəуліктік қозғалысқа то-
лысу кедергісін туындатады. Егер ұзақ геологиялық уақыт аралығын 
алатын болсақ, бұл қозғалыстың географиялық маңызы зор. Толысу 
күшінің тежеуіші Жердің өз білігінен айналуын баяулатып, Жердің 
полярлық дөңестігіне жəне қозғалыстағы ауа мен су массаларының 
бұрылуына ықпал ететін Кориолис күшін азайтады. Атмосфера 
құрамындағы ауа мен мұхит беткі циркуляциясына əсер етеді, ол өз 
кезегінде климаттық жағдайдағы түрлі өзгерістерді қалыптастырады. 
Айдың тарту күші Жердегі тірі организмдердің биологиялық 
процестеріне де өзіндік ықпалын тигізеді. Ол айлық жəне тəуліктік 


110
ырғақтылық түрінде байқалады. Көптеген жануарлар мен өсімдіктер 
Айдың белгілі бір фазаларында көбейеді. Мұндай ырғақтылық 
теңіз жағалауын мекендейтін жануарлар мен өсімдіктерге де тəн. 
Тіпті, адамдардың арасында да Ай ырғағына бейім адамдар көптеп 
кездеседі.
Айды зерттеудің ғылыми-əдістемелік кезеңі 1959 жылы кеңестік 
«Луна-2» аппаратының Ай бетіне қонуынан басталды. 1969 жылы 
21 шілдеде АҚШ астронавтары «Аполлон-11» ғарыш кемесімен 
Нейл Армстронг пен Эдвин Олдрин тұңғыш рет Ай бетіне қонды. 
1969-1972 жылдар аралығында «Аполлон» ғарыш кемелерінің алты 
экипажы Ай бетіне қонып, онда түрлі эксперименттер жүргізіп, 385 
кг Ай бетінің жыныстарын Жерге алып келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет