Б. О. Сабатаева туризм инфрақҰрылымы оқулық



Pdf көрінісі
бет104/153
Дата06.03.2024
өлшемі2.79 Mb.
#494605
түріОқулық
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   153
suraganova turizm inf

Орналастыру құралдары
Күнделікті жəне кей кездегі қонуға арналған орындар туристік 
индустрияның негізі болып табылады. Жаңа орналастыру 
орындарының құрылысы туристік жолдамаға қызығушылықты 
жəне туристердің келуін арттырады. Туристерді орналастыру 
қызметінің жоғары деңгейде болуы туризмнің психологиялық 
аспектісін анықтайды. Бұл туристердің белгілі бір мемлекетте бо-
лып, оларды қанағаттандыруын қамтамасыз етеді. Орналастыру 
құралдарының ішінде қонақүй индустриясы үлкен орын алады.
Қонақүй индустриясы экономикада өзінің құрамына қонақүй 
қызметтерін көрсетуді жəне қонақүйдегі, кемпингтегі, мотельдегі, 
мектептік жəне студенттік жатақханалардағы келушілерге арнал-
ған үйлердегі қысқа уақытқа қонуларды жатқызады. Бұл салаға 
мейрамхана саласы да кіреді.
Қонақүйлерге келесі белгілер жатады:
Бір басшылық басқаратын, белгілі бір минимум санын 
құрайтын нөмірлердің болуы.
Міндетті (нөмірді жинау, күнделікті төсек орнын ауыстыру) 
жəне қосымша (кір жуу, химиялық тазалау, шаштараз, автокөлік 
жалдау жəне т.б.) қызметтерін көрсету.
Белгілі бір стандарттардың категориясына байланысты қыз-
мет терді топтастыру, құрал-жабдықтарды топтастыру.


190
3. Көпшілік тамақтанудың, көліктің, тұрмыстық қызметтердің 
муниципалдық қызметтері
Орналастырумен қатар туризмде тамақтану саласы үлкен рөл 
атқарады. Туристік индустрияға мейрамхана, дəмхана, бар сияқты 
тамақтану мекемелері жатады. Туристерді тамақтандыруда, 
ұйымдастыруда келесі тамақтану түрлері қолданылады: а ля 
карт, а парт, табльдот, швед үстелі.
А ля карт əдісінде қонақтар мəзір сусын мен тамақтарды 
өздері таңдап алады. Тапсырыс асханаға жеткізіледі де тамақ дай-
ындау басталады.
А парт. Бұл əдісте қонақтар алдын ала тапсырыс беріп белгілі 
бір уақыт аралығында көрсетілген қызметтерін қабыл алады. Бұл 
əдіс демалыс үйлерінде жəне курорттық қонақүйде кездеседі.
Табльдот. Қонақтарға бір уақытта қызмет көрсетіледі жəне ол 
бір мəзір бойынша.
Швед үстелі. Мұнда тамақтардың өте көп түрлері ұсынылады. 
Бұл əдіс мерейтойларда, нөмірде тамақтануда, қабаттардағы сер-
висте, нөмірдегі мини бар жəне т.б. жерлерде қолданылады.
Туристер тек орналасқан жерлерінде ғана емес, əуе, су, темір 
жол көліктерінде жүру кезінде де тамақтанады. Туристерге жеке 
қызмет көрсету жоспарланбаған туристер үшін өте үлкен қызмет 
атқарады. Мұнда жалпы қызметтерден басқа спецификалық 
көрсеткіштер маңызды болып келеді:
- міндетті түрде орындалатын істердің тізімін бұлжытпай 
орындау;
- қызметтерді орындау уақытын ескеру;
- қызметтер сапасы жарнамасына сəйкес келу жəне де т.б. 
қызметтер көрсету.
Туристік кешендер ұйымдастыратын көліктік қызмет көрсету 
туристік индустрияда маңызды рөл атқарады. Бұл саланың 
түріне ерекше сапа көрсеткіштері қолданылады. Ол үшін келесі 
міндеттерді ескеру керек:
Туристердің көліктік сапарлары толық техникалық тексеру-
ден өтуі керек, өте жақсы сыртқы жəне ішкі түрі болуы керек.
Туристер салонда жақсы орын таңдап алу үшін автобус 
біршама уақыт бұрын келуі керек.


191
Жүргізуші туристердің жүктерін орналастырып, белгілі жерге 
кеткенде оларды күтіп алушыларға жүктерін беруі керек.
Сапар бойы жүргізуші туристердің сұраныстарын орындап 
отыруы керек.
Көліктің келуі мен кетуі дəл уақытында болуы керек
Жүргізуші шет ел тілінің біреуін білуі керек.
Егер турист такси жалдаса, оның көрсеткішіде жол жүру со-
масы дəл жазылуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет