Б. О. Сабатаева туризм инфрақҰрылымы оқулық


Тақырып бойынша негізгі түсініктер



Pdf көрінісі
бет107/153
Дата06.03.2024
өлшемі2.79 Mb.
#494605
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   153
suraganova turizm inf

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: туристік қызметті 
жабдықтаушылар, турагенттік қызмет, туроператорлық қызмет, 
туристік мекемелер, қызмет көрсетуші персонал, туристерге 
қызмет көрсетудің технологиясы.
1. Кəсіпорын сипаттамасы – туристік қызметті жабдықтаушы
Туристерге саяхат барысында көптеген мекемелер мен ұйым-
дар қызмет көрсетеді. Оларға: орналастыру (қонақүй, турбазалар, 
мотельдер т.б.) қызметтерін ұсынатын мекемелер; тамақтандыру 
мекемелері (мейрамхана, дəмхана жəне т.б.); экскурсиялық 
фирмалар; көліктік компаниялар; шоу, кино, видео жəне басқа 
да ұйымдар; спорттық мекемелер, рекреациялық мекемелер, 
тұрмыстық фирмалар, сауда ұйымдары жəне басқа да көптеген 
мекемелер жатады. Осы аталған ұйымдар мен мекемелердің 
барлығы да туристерге турды өту барысында белсенді қызмет 
көрсетеді жəне туристік тəжірибеде оларды туристік қызметті 
жабдықтаушылар деп атайды.
13–1037


194
Шешуші ұйымды жинақтаушы рөлде туроператор мен 
оның білімін туристік өнімді жылжытуда жəне туристік өнімді 
жабдықтаушылардың туристерге қызмет көрсетуін аса жоғары 
бағалауға болмайды. Сонымен, турлар барысында туристермен 
қарым-қатынас жасау қызмет көрсету барысында ғана жүзеге аса-
ды, яғни туристердің тур өнімді жақсы бағалауы оған көрсетілген 
əрбір қызметтің сапасына, белгілі бір туристер тобына қызмет 
көрсету дəрежесіне байланысты болады. 
Қызмет түрін жабдықтаушылар аймақтық қызығушылықтар, 
туризмнің түрлері, қызмет көрсету жоспарының мазмұны, жас 
ерекшелігі бойынша тұтыну сегменті жəне əлеуметтік-эконо-
микалық жоспарлар бойынша таңдалынады. Олардың іскерлік 
сапасы мен беделі де аз мағына білдірмейді. 
Əртүрлі тұтынушылар сегментінің түрлі бағдарламалары бо-
йын ша қызмет көрсетулерге жəне оларға сəйкес келетін қызметті 
жабдықтаушыларға мысалдар келтірейік. Айталық, жағдайы 
жақсы туристерге арналған сауықтыру-қалпына келтіру турын 
ұйымдастыру үшін (коммерциялық кластағы қызмет көрсету) 
келесі қызметтер жиынтығы қажет: коммерциялық класс бо-
йынша сауықтыру-қалпына келтіру туры барысында туристерге 
қызмет көрсетудегі талаптар кестеде көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет