Б. О. Сабатаева туризм инфрақҰрылымы оқулық


Көліктік саладағы мəселелер



Pdf көрінісі
бет103/153
Дата06.03.2024
өлшемі2.79 Mb.
#494605
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   153
suraganova turizm inf

Көліктік саладағы мəселелер
ҚР тəуелсіздік алған жылдан кейін тасымалдау көлемі бір-
шама азайды. Көліктік инфрақұрылым жылжымалы құрамы 


187
бойынша əр транспорттық кешен секторына қор құрылды. 
Кейінгі кездері осы қорлар еш инвестиция көмегінсіз сала-
ны қанағаттандырушы шамада сақтауына қолдау көрсетті. 
Қазір ҚР экономикасы амортизациясының біршама өсуі 
негізгі құралдардың қорын бітірді. Бұл Қазақстанның көліктік 
инфрақұрылымының бəсекеге қабілеттілігінің төмен жағдайын 
түсіндіреді. Халықаралық жолдардың сапасы бойынша бəсекеге 
қабілеттілігінен Қазақстан 109-шы орын алады, темір жол бо-
йынша 39, порттардың инфрақұрылымы бойынша 88, əуе жай 
бойынша 92 орын алады. Ғаламдық бəсекеге қабілеттілік индексі 
бойынша Қазақстанның көліктік инфрақұрылымы 73 орын-
да (ҒБИ 2007-2008 жж., бүкілəлемдік экономикалық форум). 
Бəсекеге қабілеттілік көрсеткіші мемлекеттердің физикалық 
жəне экономикалық параметрлерінің сəйкестігін көрсетеді. 
Осыған байланысты ең алғашқы стратегиялық бағыт таңдалды 
(ҚР көліктік инфрақұрылымын жетілдіру).
Қазіргі кезде экономиканың либерализациялануы жəне Қазақ-
стан Республикасының көліктік кешенінің құрылымдық өз 
ге-
рі сі нарықтық көліктік қызметтердің жетілуіне, сонымен қатар 
көліктік басқарудың жүйесіне өзгеріс алып келді. Ішкі жəне 
салааралық бəсекелестік, шетел тасымалдаушылар арасындағы 
бəсекелестік, көлік қызметі нарығын қанағаттандыратындай 
жағдай қалыптастырды. Ұлттық экономикада қазір көліктік 
кешеннің тұрақты жағдайы қалыптасуда. 2002-2007 жылдар 
аралығында барлық көліктік саланың көрсеткіштері өсті: барлық 
көлікпен тасымалданатын жүктер тасымалдануы 1,5 есе өсті, жүк 
алмасу - 2 есе, жолаушылар тасымалы 1,2 есе, жолаушы алмасуы 
1,4 есе. Эксперттердің айтуынша 2009-2011 жылдар арасында 
негізгі көрсеткіштер осындай болып сақталады. Қажетті жетілдіру 
қарқынын қалыптастыру үшін, біріншіден инфрақұрылымдық 
жетілдіру бойынша кешендік шаралар жүргізу керек. Берілген 
жағдай алғашқы стратегиялық мақсаттың құрамына кірді: 
мақсаттың тақырыбы «Көліктік коммуникациялық кешеннің 
жетілдіру қарқынын өсіруге қол жеткізу». Осы мақсатқа 
жету көліктік саланың жағдайын өсірумен, инвестициялық 
климаттың жақсаруымен, мемлекеттік, жеке серіктестіктердің 
кең қолдануымен шешу қарастырылып жатыр. Мемлекеттік 


188
көліктік инфрақұрылымның жетілуін айтқанда, біз оның көп 
параметрі бойынша жағдайының төмен екенін айтып кетуіміз 
қажет. Инфрақұрылымдық жөндеу жұмыстарының көбі айтыл ған 
уақыттан кеш орындалып жатыр. 
Сонымен, 1992 бастап негізгі өндірістік қорлардың өсімі 
32%-70% дейін болды. 2008 жыл басында қанағаттандырылмаған 
жолдар жағдайы Республикалық жол жағдайы бойынша 35%, 
жергілікті бойынша 46,5%. Көлік парктері қатты ескіруіне бай-
ланысты, 59% жеңіл жəне 84% жүкті көліктердің 12 жыл бойы 
эксплуатацияда тұр. Көлікте өзін-өзі сақтандыру түсінігі бүкіл 
спектр жəне бірін-бірі түсінушілік жағдайын алып отыр: көліктегі 
құбылысқа əр мүше өзі жауап беру керек. Көліктік жүйенің сапа-
сы жəне көліктік құралға техникалық сұраныстар, мамандарды 
дайындау, медициналық көмек көрсету.
Осы жүйедегі екінші стратегиялық бағыт болып «Көліктік 
құбылыстың қауіпсіздігімен қамтамасыз ету». Осы бағыт бо-
йынша көлік жəне коммуникация министрлігі стратегияны 
мақсатқа жетуіне көмек көрсетуде: жолаушылар тасымалда-
уында қауіпсіздігін сақтау жəне кез келген көлік түріндегі жүк. 
Бұл мақсат мемлекеттік көлік қауіпсіздігін сақтауын бақылау 
жүйесі арқылы жүзеге асырылады, сонымен қатар бүкіл көліктік 
кешендегі қауіпсіздігін қатаң сақтау. Елдің ішкі жағдайын ше-
шумен қатар көліктік кешенде халықаралық құрамы үлкен рөл 
атқарады. Қазақстанның еуразиялық континентінің қақ орта-
сында орналасуына байланысты, оның саяси рөлі Еуропа мен 
Азия арасындағы жəне Ресей мен Қытай арасындағы транзиттік 
көпір болып саналады. Қазақстан халықаралық транзиттік ком-
муникациялық жүйенің ішінде зор орын алады жəне үш негізгі 
жолдардың өтетін территориясы болып табылады, олар:
Еуропа – Қытай, Ресеймен қоса
Еуропа – Қытай, ОЭС мемлекеттерімен қоса
Ресей – Орта Азия.
Осыған байланысты оңтүстік батыс елдерінің сауда 
экономикалық қарым қатынасының өрлеуі, оңтүтік жəне оңтүстік 
шығыс елдерінің, ТМД жəне Еуропа елдерімен Қазақстанның 
транзиттік мүмкіншіліктері жəне экспорт, импорт дамуының 
негізгі факторы болып табылады. Қазіргі таңда Еуропа мен Азия 
тауар алмасуының көлемі 700 млрд. АҚШ долларын құрайды, кей 


189
болжам бойынша 2015 жылға қарай осы көрсеткіш 1 трлн. АҚШ 
долларына, Қазақстан транзитына түскен табыс 1,1 млрд. АҚШ 
долларына 2015 жылға (2007 – 500 млн. АҚШ долары) деп бол-
жанады. Негізінен транзиттік деп оңтүстік – шығыс жəне Шығыс 
Азия – Еуропа бағыттары шамамен 330-400 млрд. АҚШ долла-
рына бағаланады, сонымен қоса эксперттердің айтуы бойынша, 
осы лептің 20% Қазақстан территориясы бойынша өтуі мүмкін.
Үшінші стратегиялық бағыттың мақсаты болып Қазақстан 
Рес 
публикасының территориясы бойынша транзиттік тасымал 
-
даулар көлемін көбейту болып табылады. Қоғамдық тамақтану-
дың муниципалдық объектілері, тұрмыстық қызмет. Саяхат кезінде 
туристерге көрсетілетін кешенді қызметте орналастыру алғашқы 
орынды алады жəне əр турдың міндетті бөлігі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет