Б. О. Сабатаева туризм инфрақҰрылымы оқулық


Туризм саласында қатынасты реттейтін негізгі үкіметті



Pdf көрінісі
бет121/153
Дата06.03.2024
өлшемі2.79 Mb.
#494605
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   153
suraganova turizm inf

4. Туризм саласында қатынасты реттейтін негізгі үкіметті 
функциялар: туристік қызметті бақылау жəне тепе-теңдігін 
сақтау, оның дамуы, мемлекеттік деңгейде маркетингтік зерт-
теулер, жоспарлау, құқықтық сұрақтар, қаржыландыру
Мемлекеттің туристерді қолдауда ұсынған негізгі шаралары:
1. Туризм сферасының жөндеу жұмыстарына шетелден 
əкелінетін құрал-жабдықтары мен құрылыс материалдарына 
төленетін баж салығынан босатылуы.


216
2. Капиталдық салым көлеміне байланысты туристік сана-
ториялық саласының материалдық базасын инвести ция лаудағы 
федеральді салықтардан жартылай немесе толық босатылуы.
3. Туристердің материалдық-техникалық базасын жетілдіру 
мен дамуына жеңіл несиелер беріледі, (7-10% жылдық) төлемдерді
2-ден -10 жылға дейін кешіктіру.
Осы жағдайда мемлекетте туристік фирмалар ұтады. Себебі, 
халықаралық туризм əлемдегі ең пайдалы бизнес болып қала 
береді. Тағы басқа шаруашылық қызметінің саласы сияқты ту-
ризм индустриясы да күрделі жүйе болып табылады. Даму 
деңгейі елдің экономикасының дамуына тəуелді болады. Қазіргі 
таңда өндіріс дамыған елдерде 60% астам шетелдік туристерді 
қабылдау жəне 70-75% əлемдегі жасалатын сапаны құрайды. 
Еуропалық Одаққа кіретін елдерге 40% туристік кірісімдер жəне 
валюталық түсімдер құрайды.
Қазақстанда туризм - дамып келе жатқан сала. Барлық 
туристік қызметтің барлық саласында мемлекеттік құрылым 
негізінде, сонымен қатар жаңадан пайда болған турбизнестің 
жұмысының жаңа формаларын іздеу, ұсыныс сферасының 
кеңейуі, мамандандырудың тереңдеуі жүріп жатыр. Қазақстандық 
турфирмалар ұсынған қызметтердің сапасы мен бағасын қоярда 
көптеген жұмыс атқаруға тура келеді. Соларға көмек ретінде 
ҚР-ның туристік қызметінің негіздері туралы заңы жəне басқа 
нормативтік актілер, “халықаралық туристік қызметтің лицензия-
лануы туралы” қаулы қабылданды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет