Б. О. Сабатаева туризм инфрақҰрылымы оқулық



Pdf көрінісі
бет129/153
Дата06.03.2024
өлшемі2.79 Mb.
#494605
түріОқулық
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   153
suraganova turizm inf

Шығармашылық деңгей:
1) «Нормативті-заңдылық базаның Қазақстандағы туризмнің дамуы 
үшін қажеттілігі» тақырыбына өздік жұмыс дайындаңыз.
2) «Қазақстанда туризм инфрақұрылымының шарты» Презентация 
құрыңыз.


229
Тəжірибелік сабақтың жоспары:
Тақырыбы: Туризм инфрақұрылымының дамуының құқықтық 
негіздері
Мақсаты: Туристік индустрияның нормативтік-құқықтық базасындағы 
негізгі аспектілермен танысу.
Əдістемелік нұсқаулар:
Өткен тақырыпты жақсылап түсіну үшін мемлекеттік туризмді да-
мыту бағдарламасын, нормативті-құқықтық базаның мағынасын, со-
нымен қатар туристік аймақтағы орнын білу шарт. Туристік дамудағы 
инфрақұрылымының дамуын түсіну.
15-тақырып. Туризм инфрақұрылымына инвестициялар
Мақсаты: Қазақстан аймақтарындағы туризм инфра құры-
лымын дамытудағы шетелдік инвестициялаудың мазмұны мен 
маңызын анықтау, туризм индустриясын инвестициялаудың та-
рихын білу, республиканың туристік саласын инвестициялауға 
қатысып жүрген бірнеше мемлекетті атау, тақырыптың негізгі 
түсініктерін меңгеру.
Жоспар: 
1. Қазақстандағы инвестициялық климат. Туристік инфра құ ры -
лымның дамуына инвестициялық қаржы бөлу перспективалары.
2. Шетел инвестицияларын тарту шаралары.
3. Инвестициялық жобалау үлгілері.
Тақырып бойынша негізгі түсініктер: инвестициялар, 
тікелей инвестициялау, преференциялар, жеңілдіктер, шетелдік 
инвестор, инвестициялық климат, инвестициялық саясат.
 1. Қазақстандағы инвестициялық климат. Туристік 
инфрақұрылымның дамуына инвестициялық
қаржы бөлу перспективалары
Инвестициялар – 
1. капиталдың ел ішіндегі жəне шетелдегі экономикаға ұзақ 
мерзімді жұмсалымы. 
Қаржы инвестициясы (бағалы қағаздарды сатып алу) жəне нақ-
ты инвестиция (капиталдың өнеркəсіпке, ауылшаруашылығына, 
құ ры лысқа, т.б. жұмсалымы) түрлеріне бөлінеді. 


230
2. кəсіпкерлік қызметіне жəне нəтижесінде пайда (табыс) 
тие тін немесе əлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің 
бас қа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік жəне зият-
кер лік құндылықтардың барлық түрлері.
Кез келген мемлекеттің немесе жеке республиканың эконо-
микасында шетелдік инвестициялар өте маңызды рөл атқарады. 
Соңғы жылдары тікелей шетелдік инвестициялар халықаралық 
саудаға қарағанда жылдам өсуде. Шетелден инвестиция тарту 
Қазақстан экономикасының өндірістік құрылымының жақса руы-
на жағдайлар жасауда. Инвестициялар жаңа жоғары технологиялы 
өндіріс құруға, негізгі қорларды модернизациялауға, мекемелерді 
техникалық қамсыздандыруға, республиканың жоғары білікті 
мамандарын жəне жұмысшыларын тиімді пайдалануға, менед-
жмент, маркетинг жəне ноу-хау салаларына озық жетістіктерді 
енгізуге, ішкі нарықты отандық өндірістің сапалы тауарлары-
мен толтыруға, сондай-ақ оларды шет мемлекеттерге экспорттау 
көлемін ұлғайтуы қажет. Қазақстан Республикасының нарықтық 
қарым-қатынасқа енуімен бірге инвестициялау саласында 
нормативті-заң шығарушылық база құрылды.
1997 жылы 28 ақпанда «Тікелей инвестицияларды мем ле -
кет 
тік қолдау туралы» заңы шықты, мұнда Қазақстан Рес 
пу-
бли 
ка 
сындағы тікелей инвестицияларды қолдау барысында 
туын 
дайтын мəселелер реттелді жəне мемлекеттік қолдауды 
жүзеге асырушы жалғыз мемлекеттік өкілетті орган анықталды. 
Ол – «Қазақстан Республикасының инвестициялар бойынша 
агент тігі». Бұдан басқа 1997 жылы 5 сəуірде «Тікелей отандық 
жəне шетелдік инвестицияларды тарту үшін экономиканың 
приоритетті секторларының тізімін бекіту туралы» Президент 
жарлығы бойынша 2000 жылға дейінгі инвестиция тарту үшін ең 
маңызды өндіріс салаларының тізімі анықталды. Төмендегі сала-
лар ең негізгі деп танылды:
- өндірістік инфрақұрылым;
- өңдеуші өнеркəсіп;
- Астана қаласының объектілері;
- тұрғын үйлер, əлеуметтік сала жəне туризм объектілері;
- ауыл шаруашылығы.
ҚР Президентінің 2000 жылғы 6 наурыздағы №349 жарлы-
ғымен инвестициялық қызметті жүзеге асыру барысындағы 
жеңілдіктер ережесі мен преференциялар бекітілді. Бірақ Қазақ -


231
стан 
дағы шаруашылық қызметтегі нормативті-құқықтық база-
ның тұрақсыздығы жəне толық еместігі, бухгалтерлік есеп 
жəне есеп беру жүйесі, ҚР салық салудың жоғары деңгейі жəне 
оның өзгергіштігі, несиенің қымбаттылығы, шенеуніктердің 
жемқорлығы жəне жергілікті билік өкілдерінің өзімшілдігі
экономикадағы криминал, қауіпсіздік кепілдемесінің жоқтығы 
жəне бухгалтерлік есептің халықаралық стандартқа сай келмеуі 
шетел кəсіпкерлерінің көңілінен шықпады.
Осы жағдайларға байланысты мемлекетте шетелдік инвес-
тор лардың алдындағы кедергілерді жоюға нақты шаралар қабыл-
данды. 1997 жылғы 1 қаңтарда шаруашылық-қаржылық қызметтегі 
есептің Бас жоспары қабылданды жəне енгізілді, оның негізінде 
Стандарттық жəне Əдістемелік нұсқаулар жасалынды – бұның 
барлығы бухгалтерлік есепті халықаралық деңгейге жақындатуға 
мүмкіндік берді. Келесі сатыда салық жүйесін жетілдіру тұрды. 
ҚР-да салық салудың құқықтық базасын жақсартқан, салық 
саласындағы ең күшті тəсілдермен жасалған жаңа салық кодексі 
қабылданды. Сонымен қатар, инвестициялық қызметтің дамуы-
на республикадағы шағын жəне орта бизнестің даму дəрежесі 
де əсер етеді, себебі кез келген мемлекеттің экономикасы ірі, 
орта жəне шағын бизнестің дамуынсыз қалыпты дамымайды. 
Сондықтан шағын жəне орта бизнесті дамытуға жəне қорғауға 
бағытталған бірнеше қаулылар қабылданды (шағын кəсіпкерлікті 
қолдауға). Бірақ инвестициялық ресурстарды тиімді пайдалану 
бағалы қағаздар нарығынсыз жəне Қор нарығынсыз мүмкін емес.
Бірақ қазір Қазақстанда Қор нарығы жоқ, яғни бұл да шешілуге 
тиіс мəселелердің бірі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет