Б. О. Сабатаева туризм инфрақҰрылымы оқулық



Pdf көрінісі
бет123/153
Дата06.03.2024
өлшемі2.79 Mb.
#494605
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   153
suraganova turizm inf

218
Туристің құқықтары
Транзитті қоса алғанда, саяхатқа əзірленген, саяхат жасаған 
кезде туристің:
1) өзінің жеке басына немесе мүліктің қауіпсіздігіне қол 
сұғылған жағдайда консулдық, дипломатиялық, өзге де мем-
лекеттік, сондай-ақ туристік өкілдіктерге өтінішпен жүгінуге;
2) уақытша болатын елге (жерге) бару, сондай-ақ уақытша 
болған елден (жерден) шығу жəне сонда болу ережелері тура-
лы, жергілікті халықтың əдет-ғұрпы туралы, діни-салт, қасиетті 
орындар, табиғи, тарихи, мəдени ескерткіштер жəне туристерге 
көрсетілетін, ерекше қорғаудағы басқа да объектілер, қоршаған 
ортаның жай-күйі туралы қажетті жəне дұрыс ақпарат алуға;
3) еркін жүріп-тұруға, уақытша болатын елде (жерде) 
қабылданған шектеу шараларын ескере отырып, туристік қор-
ларға еркін қол жеткізуге;
4) туроператор немесе турагент туристік қызмет көрсету 
шартын орындамаған жағдайда келтірілген залал мен моральдық 
зиянның Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген 
тəртіппен өтеуіне;
5) шұғыл медициналық жəрдем алуға;
6) шетелдік туристердің құқықтық көмек жəне көмектің өзге 
де түрін алуына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік 
органдардың жəрдемдесуіне;
7) туристердің қолда бар байланыс құралдарына кедергісіз 
қол жеткізуіне құқығы бар.
Туристердің өзге де құқықтары болатын елдің (жердің) заң-
дарымен айқындалады.
Туристің міндеттері
Саяхат жасаған кезде, транзитті қоса алғанда, турист:
1) уақытша болатын елдің (жердің) заңдарын сақтауға;
2) уақытша болатын елдегі (жердегі) қоршаған ортаны 
сақтауға, табиғи, тарихи жəне мəдени ескерткіштерге ұқыпты 
қарауға;
3) уақытша болатын елге (жерге) келу жəне онда болу, сон-


219
дай-ақ уақытша болатын елден (жерден) кету ережелерін жəне 
транзитті жүріп өтетін елдердегі ережелерді сақтауға;
4) саяхат кезінде жеке өзінің қауіпсіздігі ережелерін сақтауға 
міндетті.
Туристің өзге де міндеттері болатын елдің (жердің) заңдарымен 
айқындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет