Б. О. Сабатаева туризм инфрақҰрылымы оқулық


Шетелден инвестиция тарту шаралары



Pdf көрінісі
бет130/153
Дата06.03.2024
өлшемі2.79 Mb.
#494605
түріОқулық
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   153
suraganova turizm inf

2. Шетелден инвестиция тарту шаралары
Тəуелсіз Қазақстан əлемнің индустриалды дамыған көшбасшы 
мемлекеттерімен тез қарым-қатынас орнатуға тырысты. Бұған 
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 1994 жылғы АҚШ-та, Ұлы-
бри танияда, Испанияда, Францияда жүргізген келісім шарттары 
дəлел. Республика көшбасшысы барлық елдермен экономикалық 
байланыс салаларын дамытуда келісімшарттар орнатты. Еліміз 
тек қана сауда саласында ғана емес, сонымен қатар ұлттық 
өнеркəсіпті дамытуға технология мен инвестиция тартуды көздеп 
отыр. Бұдан басқа, Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев шетелдік 


232
инвесторлар қазақстандық кадрлардың квалификациясын 
жоғарылатуда септігін тигізеді деп ойлайды.
Үлкен рөлді Қазақстанға шетел капиталын халықаралық 
фонд тар арқылы енгізу атқарады. 1994 ж. қаңтарда шетел капита-
лы 1,9 млн. доллар мөлшерінде көмек көрсетеді (тосылған мөл-
шер ден 3есе көп). Республикаға жəне орнатылған режим үшін бұл 
5% мөлшердің төмен болуымен қатар ғана емес, сонымен қатар 
олардың қаржылық бағдарламаны анықтау мен оны іске асыру 
кезінде шешім қабылдау процесіне араласпауынан тиімді болды.
Тəуелсіздіктің басынан Қазақстанның ең ірі инвесторы - 
АҚШ. 1993 ж. олар 91 млн. доллар, ал 1994 ж. 311 млн дол-
лар құйды. Кейін АҚШ-та Қазақстан үшін «Қазақстандық 
өнімдерді Американың ішкі нарығында таратуға мүмкіндік 
беретін преференциялар жүйесінің жеңілдіктерін» беру туралы 
шешім қабылдады. Осыдан кейін АҚШ-тың ірі компаниялары 
Қазақстанға ағыла бастады.
Ұлыбританиямен екі еселенген салықтарды жойып, инвестор-
ларды екіжақты қорғау туралы келісімге қол қойылды. Келісім 
бойынша əрбір тарап екіншісіне оның жеке ивестицияларын 
құқықтық базамен қамтамасыз етуге, кез келген формадағы ин-
вес тициялардың қорғалуына кепілдеме беретін болды. Осының 
барлығы ағылшын фирмаларының Қазақстанда орнығуына 
септігін тигізді. Қаспий теңізі түбегін игеруге «British Petroleum», 
«Shell» сияқты консорциумдар əрекет ете бастады.
Испаниямен экономикалық қатынастар осыдан 15 жыл бұрын 
орнады. 1993 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 180 мың 
доллардан асты. Алайда бұл Қазақстанның еуропалық серіктестері 
арасындағы ең кіші көрсеткіш болды. Кейін Испания шағын жəне 
орта кəсіпкерліктерді дамытуының ерекше мəселелеріне көңіл ау-
дарды. 90 ж.ж. соңында Испания Республикамызға 250 млн дол-
лар мөлшерінде қарыз берді.
Қазіргі кезде инвестициялық деңгейдің салыстырмалы рей-
тингі əлемнің ең ірі рейтингтік агенттіктерімен растаса алады. 
ТМД елдері арасында Қазақстан ең жоғарғы орынды иемденіп 
отыр. Айта кететін мəселе шетел инвестицияларының келуінің 
бір шарты - ол макроэкономикалық тұрақтылық.


233
Қазақстан экономикасына, кем дегенде, ондаған мемлекеттен 
инвестициялар келді. Бірінші орында тұрған АҚШ - оның шетел 
инвестициялары ішіндегі үлесі 46,6%; екінші орында Канада - 
үлесі 11,8%; Олардан кейін тұрған Ұлыбритания - 10,9% ; Қытай 
- 4,5%, РФ - 3,8%, Италия - 9%, олардан ары қарай Нидерланды
Индонезия, Оңтүстік Корея мен Германия.
Инвестициялық компанияларға мысал. Солтүстік Қазақстан 
облысында белсенді түрде экономиканың əртүрлі секторларына 
отандық жəне шетелдік инвестицияларды тарту жүргізіліп жа-
тыр, алайда туристік саланың инвестициялық саясаты қалып-
тастырылмаған. Көптеген туристік объектілердің жəне орналас-
тыру объектілерінің материалдық базасы қазіргі заманғы 
та лап тарға сай келмейді. Туризм инфрақұрылымын дамыту мə-
се 
ле 
сін шешу жəне инвестициялық климатты жақсарту үшін 
мемле кет есебінен келесі шараларды жүргізу қажет:
- туристік индустрия объектілерінің қызмет етуі үшін ком му-
ни кациялық жүйелерді салу;
- электротапсырыс желілерін тарту;
- коллекторлық жүйе жəне су объектілерін салу;
- телефон байланыс жүйесі мен спутник жүйесін тарту;
- жолдарды салу жəне олардың реконструкциясы.
Ең алдымен коммуникациялық жүйелерді жағажай дема-
лыс аудандарында, яғни Шалқар, Имантау көлдерінде жəне Во-
роний аралы демалыс аумағына өткізу қажет. Жаппай демалыс 
орындарындағы инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуына байла-
нысты Шалқар көлі жанында жаңадан туристік кешен құрылысы 
қажет. Туризм саласының инвестициялық тартымдылығын арт-
тыру үшін келесі мəселелерді шешу қажет:
- туристік объектілер жəне сəйкесінше инфрақұрылым салу 
аймақтарын анықтау үшін нұсқаулар дайындау;
- этнокешен, ойын-сауық объектілері, киіз үй салатын кə сіпо-
рын 
дарды салу жəне қайта құрылымдау бойынша жобаларды 
инвестициялауға атсалысу;
- қолөнер мен кəдесый өнімдер өндірісін дамытуға атсалысу.
Инвестициялау институтының даму тиімділігі қажетті мем-
лекет тік саясатты жүргізуге жəне жеке кəсіпкерлер мен қоғамдық 


234
ұйымдар, туристік компаниялардың бастамашыл əрекетіне бай-
ланысты. 2007 жылдың 9 айы ішінде Қазақстанның туристік са-
ласына инвестициялар көлемі өткен жылдың сəйкес мерзімімен 
салыстырғанда 2,5 есе өсіп, 63 млрд. теңгені құрады. Бұл тура-
лы еліміздің Туризм жəне спорт министрлігінің баспасөз қызметі 
хабар етті. Казинформ ақпаратына сай 2008 жылдың бірінші 
жартыжылдығы бойынша кіру туризмі бойынша Қазақстанда 
қызмет көрсетілген тұтынушылар саны өсті. Бұл сан 13,3%-ға 
өсті. 2007 жылғы ішкі туризм 3,4 пайызға өсіп, көрсеткіш 60,8% 
құрап, 29,5 млрд. тг. көлемінде болды. 
Алматыда «Туризмнің дамуы -
ұлт денсаулығының кепілі» 
атты конференция өтті. Конференцияны ұйымдастыруға ХДП 
«Нұр Отан», Халықаралық туризм академиясы, Қазақстанның 
туризм ассоциациясы, оған қоса Қазақстанның мейрамха-
на жəне қонақүй ассоциациясының қатысқандығы жайлы 
Қазақпарат корреспонденті мəлім етті. Бұл кездесуде Қазақстан 
Республикасының Туризм жəне спорт агенттігі, Ішкі істер 
министрлігі, Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті, Экономика жəне 
бюджетті жоспарлау министрлігі, Білім жəне ғылым министрлігі, 
шетел қонақтары жəне тағы да басқа ұйымдар қатыстысқандығы 
мəлім. Конференцияның мақсаты – туризмді дамытуға қажет 
мемлекеттік-əкімшілікті қорларды жəне жеке бизнесті инве-
стициялауды біріктіруге талпыныс жасау, оған қоса туризм 
саласын дамытуға бағытталған Республикалық жобаларға 
толықтырулар енгізу. Конференцияға қатысушылар мемлекеттің 
туристік активтерін бағалау, халықаралық туристік нарықтағы 
Қазақстанның орны, туризмге қатысты құқықтық жəне саяси 
аспектілер, туризм индустриясының жеке кəсіпкерлерді оның 
ішінде отандық инвесторларды тарту, туризм инфрақұрылымын 
дамыту сияқты маңызды тақырыптарды қарастырды. Баяндама-
ларды тыңдап, қарастырған соң конференцияға қатысушылар ата-
лып өтілген жағдайлардың маңызды екенін жəне əрдайым туристік 
қоғам, партия жағынан қадағалауда болуға тиістігін бір ауыздан 
мақұлдады. Туризмді дамытудың іс жүзінде үлкен маңызды рөлге 
ие екенін есепке ала отырып, конференция ұйымдастырушылары 
инвестициялық сұрақтарды шешу мақсатымен жылына кем де-
генде екі рет форум өткізіп тұру керектігін алға тартты. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет