271
Визалық анкета – белгілі бір мемлекеттің территориясына кіруге
рұқсат – виза алу үшін шетел дипломаттық өкілеттігінің сұранысымен
адамдар толтыратын сұрау парағы. Визалық
анкетадағы сұрақтардың
көлемі мен мазмұны əр мемлекетпен анықталады.
Гид (гид-аудармашы) – туристерге уақытша келген елдегi (жердегi)
туристiк ресурстармен танысу жөнiндегi экскурсиялық-ақпараттық,
ұйымдық қызмет көрсететiн кəсiби даярланған жеке тұлға.
Дəмхана (закусочная) – тез қызмет көрсететiн тамақтандыру кəсiпор ны.
Дəмхананың ассортиментi – дайындалуы күрделi
емес көпшiлiк
сұранысына ие болатын салқын жəне ыстық тағамдар (шұжық, сардельки,
тұшпара, субүйрек, жұмыртқа), сонымен қатар сусындар (шай, шырындар).
Демалу –
шаршауды тоқтату, психикалық, физикалық жəне
интеллектуалдық күштi қалпына келтiретiн психофизикалық процесс.
Дю жур (du jour) – кезекшi тағамдарды есептейдi, яғни күнделiктi, со-
нымен қатар, белгiлi, арзан, тез дайындалатын тағамдар.
Жартылай пансион – қонақүй немесе басқа да
орналастыру орында-
рында тұру жəне күн сайынғы 2 реттік тамақтандыруды қамтамасыз ететін
кешендік қызмет көрсету.
Жатақхана –
ұйымдық орналасу жабдығы, кейбiр жағдайда туристердi
орналастыруға қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: