282
ҚОРЫТЫНДЫ
Туризм мемлекеттің экономикасына үш оң нəтиже береді:
1. Шетел валютасының құйылуын қамтамасыз етеді жəне тө лем тең ге-
рі мі мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көр сет кіштерге оң ықпал
жасайды.
2. Халықтың жұмыспен қамтылуын көбейтуге көмектеседі. Дүние жү-
зілік туризм жəне саяхат кеңесінің бағалары бойынша туризм өндірісінде
құрылатын əрбір жұмыс орнына басқа салаларда пайда болатын 5-тен
9-ға дейін жұмыс орны келеді екен. Туризм тура немесе жанама түрде
экономиканың 32 саласының дамуына ықпал жасайды.
3. Елдің инфрақұрылымын дамытуға жəрдемдеседі.
Туризм елдердің тұтас аудандарының экономикасына белсенді əрекет
етеді. Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субъек тілерінің құрылуы
жəне жұмыс істеуі жол көлігін, сауданы, коммуналдық-тұрмыстық, мəдени,
медициналық қызмет көр сетуді дамытумен тығыз байланыс ты. Сөйтіп, ту-
ризм индустриясы басқа экономикалық секторлардың көпші лігімен салыс-
тырғанда, неғұрлым пəрменді мультипликаторлық тиімділікке ие.
Туризм - жеке жəне ұжымдық жетілдіру құралы ретінде жоспарлануы
жəне тəжірибеде іске асырылуы тиіс демалыспен, бос уақытты өткізумен,
спортпен, мəдениетпен жəне табиғатпен тікелей араласуға байланысты
қызмет. Мұндай жағдайда, ол өз бетімен білім алудың, тоталитарлық жəне
халық тар мен олардың əртүрлі мəдениеттерінің арасындағы олардың өзге-
шеліктерін танып-білудің бірден-бір факторы болып табылады.
Туризмнің жылдам жəне тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға,
экономиканың барлық секторлары мен қоғамның əл-ауқатына күшті əсерін
назарға ала отырып, Үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімдік даму 2007-2011
жж. бағдарламасында туристік саланы басымдық ретінде белгіледі. Осы
Тұжырымдамада туризм саласында тұтас мемлекеттік саясатты қа
л
ып
-
тастыруды, Қазақстанда қазіргі заманғы бəсекеге қабілетті туризм индус-
триясының құқықтық, ұйымдастырушылық жəне экономикалық негіз дерін
қалыптастыруды көздейді.
Туристік инфрақұрылым – бұл туристік-сервистік жəне ұқсас
кəсіпорындардың біртұтас кешені, «Туризм инфрақұрылымы» оқулығында
осы кешеннің мəселелері мен даму болашағы, инновациялық технология-
лары жəне стратегиялары жан-жақты қарастырылып, өз шешімін тапқан.
«Туризм инфрақұрылымы» оқулығы «Туризм» мамандығы
студенттеріне, магистранттарға, докторанттарға жəне осы салаға қызығатын
барлық оқырман қауымға арналады.
|