276
Туризмнің материалды-техникалық базасы – туристерге қызмет
көрсету үшін арналған (ғимарат, құрылыс, көлік, құрал-жабдық жəне т.б.)
еңбек құралдарының жиынтығы.
Турист – жиырма төрт сағаттан бiр жылға дейiнгi мерзiм кезеңiнде
уақытша болатын елдi (жердi) аралап көретiн жəне
ақылы қызметпен ай-
налыспай, сол елде сауықтыру, танымдық, кəсiби-iскерлiк, спорттық, дiни
жəне де өзге де мақсаттарда кемiнде бiр рет түнеп шығатын жеке тұлға.
Туристiк агент – туроператор мен тұтынушының арасындағы делдал
фирма.
Туристік класс – 2-3 жұлдызды қонақүйде
орналасу, экономикалық
класпен, тұрақты рейспен (чартерде болуы мүмкін) топты тасымалдау.
Туристік класта қызмет көрсету туристік саяхаттарды ұйымдастырғанда
қолданылады.
Туристiк агенттiк қызмет (турагенттiк қызмет) - қызметтiң осы
түрiне лицензиясы бар жеке жəне заңды тұлғалардың (бұдан əрi – турагент)
туристiк өнiмдi ұсыну жəне өткiзу жөнiндегi қызметi.
Туристiк аймақ - демалу, оқу
процесi немесе денсаулықты
сауықтандыру үшiн қызмет көрсету мен қондырғылар орналасқан терри-
ториялар. Тəуелсiз болуы үшiн туристердiң тұрақтануына керектi барлық
құрылыстар.
Туристiк əсер – бұл туристердiң туристiк өнiмдi тұтыну нəтижесiндегi
рухани жағдайы мен оң эмоцияларының кешенi.
Туристiк ваучер – турдың құрамына кiретiн қызметтерге туристiң
құқығы жəне олардың ақысы төленгенiнің
фактісін растайтын құжат;
Туристiк жолдама – туристiк қызмет көрсету кешенiн алуға құқықты
растайтын құжат;
Туристiк индустрия – туристердi орналастыру құралдарының,
көлiктiң,
қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнiң, ойын-сауық объектiлерiмен
құралдарының, танымдық-сауықтыру, iскерлiк, спорттық жəне
өзге де
мақсаттағы объектiлердiң, туристiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың,
сондай-ақ экскурсиялық қызмет жəне гидтер (гид-аудармашылар) қызметiн
көрсететiн ұйымдардың жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: