277
тамақтандыру,
экскурсиялар, туризм нұсқаушыларының, гидтердiң (гид-
аудармашылардың) қызмет көрсетулерi жəне сапар мақсатына байланысты
басқа да қызмет көрсетулерi).
Туристiк қызмет көрсету бағдарламасы – тур
бағдарламасында, тур-
ды ұйымдастыру барысында қызмет түрлерiн ұсыну реттiлiгi.
Туристiк қызмет көрсетуге жасалған келiсiмшарт – Өтелмелi
туристiк
қызмет көрсету бойынша туроператорлардың немесе турагенттердiң жəне
туристiң арасындағы келiсiм.
Туристiк қызмет көрсету кластары – табыс жəне əлеуметтiк
деңгейi əр түрлi тұтынушылар сегменттерiне сəйкестендiрiлген туристiк
қызметтердiң жиынтығы. Бiр-бiрiнен баға, қызметтiң түрлерi, саны бойын-
ша ерекшеленедi. Мысалы,VIP, Buisness, Econom.
Туристiк қызметтi ұйымдастыру – туристiк
фирманың тұтас
өндiрiстiк-қызмет көрсету процесiндегi еңбек, өндiрiс құралдары мен
технологиялардың саналы сəйкестiгiне бағытталған шаралар жүйесi.
Туристiк қызығушылық – туристiң
туристiк объектiлерiне
бағытталған танымдық белсендiлiгi.
Туристiк маршрут – белгiлi бiр уақыт iшiнде туристерге ұсынылған
қызмет көрсету бағдарламасы бойынша алдын ала жоспарланған тасымал-
дау жолы.
Туристiк мəзір – туристердiң көңiл аударуда
тағамдардың қоректiк
сапасы мен арзандығына басымдылық бiлдiретiн мəзір. Туристiк меню
күнделiктi рацион менюi ретiнде жоспарланады жəне күнiне 2-4 мезгіл
тамақтануды ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: