Б. О. Сабатаева туризм инфрақҰрылымы оқулық



Pdf көрінісі
бет149/153
Дата06.03.2024
өлшемі2.79 Mb.
#494605
түріОқулық
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   153
suraganova turizm inf

279
Шығу туризмi – бiр елдiң азаматтарының басқа елдерге жасаған саяхаты.
Iскерлiк туризм – кəсiби мiндеттердi орындауға байланысты саяхаттар.
Iшкi туризм – бiр аймақ тұрғындарының өз аймағы бойынша жасалған 
саяхаты.
Экономикалық класс – қызмет көрсетудің ең арзан түрі. Əдетте мұны 
студенттер жəне кедейлер қолданады.
Экскурсант – бiр жерге, бiр елдi мекенге, аумаққа немесе сол елдегі 
басқа жерге туризм мақсатында жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа 
уақытша келген жеке тұлға.
Экскурсия жүргiзушi – уақытша болатын елдегi (жердегi) туристiк 
ресурстармен таныстыру жөнiндегi туристерге экскурсиялық-ақпараттық, 
ұйымдық қызмет көрсететiн кəсiби даярланған жеке тұлға.
Экскурсиялық қызмет – азаматтардың уақытша болатын елдегi 
(жердегi) туристiк қорларды танымдық мақсатқа аралап көруiн 
ұйымдастыру жөнiндегi кəсiпкерлiк қызмет, ол туристердi орналастыру 
(түнету) жөнiндегi қызметтi көздемейдi жəне жиырма төрт сағаттан аспай-
тын мерзiмдi қамтиды.
Этникалық туризм – туысқандарға қонаққа бару туризмi.


280
ӨЗІН ТЕКСЕРУГЕ АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР 
1. Туризм индустриясын жаһандандыру.
2. Тағайындалған орын экономикасында туризм маңыздылығы.
3. Туристік қызметтердегі сұраныс жəне ұсынысты талдаудың негізі.
4. Туризмдегі жеке тұлға психологиясы (тұтынушылардың туристік 
қызметтер нарығындағы күйі).
5. Туризм менеджерінің кəсіпкерлік қасиеттерін модельдеу.
6. Туристік тауарлар мен қызметкерлердің жарнамалық психологиясы.
7. Халықаралық туризм сыртқы экономикалық байланыстар дың түрі 
ретінде.
8. Өндірістік жəне əлеуметтік туризм инфрақұрылымы.
9. Туризм дамуындағы туристік инфрақұрылымның рөлі.
10. Туризмдегі материалды-техникалық базаның жалпы сипаттамасы.
11. Туристерді орналастыру құралдары: жіктелуі мен түрлері.
12. Тамақтану кəсіпорындарының жұмыс істеу құрамы жəне қағи да лары.
13. Көліктік-коммуникациялық база.
14. Туристік көліктің негізгі тасымалдау түрлері мен даму мəселелері.
15. Телекоммуникациялық жүйелер, тұрмыстық жəне инженерлік бай-
ла ныс тар.
16. Рекреациялық ресурстарды қолданудың қамтамасыз етуге мүмкін-
шілік пен ыңғайлылық беретін ғимараттар мен жабдықтар.
17. Туристік саладағы өндірістік объектілер.
18. Туристік саласында жалпы қолдану объектілері.
19. Кəсіпорын – туристік қызметті жабдықтаушы.
20. Қазақстанда туризм инфрақұрылымы дамуының болашағы жəне 
мəсе лелері.
21. Туризм инфрақұрылымының дамуының құқықтық негіздері.
22. Туризм инфрақұрылымына инвестициялар тарту.
23. Қазіргі замандағы туризм – кешенді, кеңістіктік жəне əлеуметтік-
эко номикалық құбылыс ретінде.
24. Туризм – салааралық халықтық-шаруашылықтық кешен ретінде.
25. Туристік сұраныс пен туристік ұсыныс.
26. Туризмнің экономика саласы ретінде ерекшелігі.
27. Халықаралық туризм мемлекеттер арасындағы сыртқы экономи ка-
лық байланыстар түрі ретінде, оның өзгешелік белгілері.
28. Туризмнің əлемдік əлеуметтік-экономикалық құбылыс ретіндегі не-
гіз гі ерекшеліктері мен маңызы.
29. Əлемдік туризм индустриясының жалпы сипаттамасы.
30. ТМД елдері мен Қазақстан Республикасындағы туризм мен экскур-
сия лық іс-əрекеттің қазіргі жағдайы.
31. Қазіргі туристік саланың дамуындағы кəсіпкерлік ортаның рөлі.
32. Туризмдегі кəсіпкерлік, оның ерекшеліктері жəне даму факторлары.


281
33. Туризм саласындағы кəсіпкерлік капитал жəне оның құрылу əдіс тері.
34. Туризмдегі кəсіпкерлік қызметтегі субъектілер мен объектілер.
35. Кəсіпкерлік қызметтегі тұтынудың рөлі.
36. Туристік саладағы кəсіпкерлік қызметтің тиімділігі.
37. Туризмде кəсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық формалары.
38. Адамзат тарихы жəне алғашқы ұйымдастырылған саяхаттардың 
əлеуметтік-экономикалық себептері.
39. Туризмнің жаһандану жағдайында дамуы.
40. Халықаралық туризмнің ХХ ғасырдан бастап қазіргі уақытқа 
де йін дамуы.
41. ТМД мен Қазақстан Республикасында туризм дамуының қазіргі 
жағдайы мен проблемалары.
42. Туризм географиясының қалыптасуы.
43. Менеджмент туризм саласында өндірісті жəне фирмалар қызмет-
терін басқару нысаны ретінде.
44. Туристік ұйым қызметтерінің тиімділігін қамсыздандыру 
45. Туризм индустриясында персоналды басқару.
46. Туризм маркетингінің теориялық негіздері.
47. Туристік саладағы маркетингтік ақпараттық жүйе.
48. Туристік маркетингтің байланыстары.
49. Туристік өнімнің бəсекелестік қабілеттілігі.
50. Туристік саладағы кəсіпорындарда маркетингті жоспарлау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет