Б. О. Сабатаева туризм инфрақҰрылымы оқулық



Pdf көрінісі
бет39/153
Дата06.03.2024
өлшемі2.79 Mb.
#494605
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   153
suraganova turizm inf

Қызмет көрсету түрі. Қолданылатын қызмет көрсету түріне 
байланысты тамақтану кəсіпорындары келесі түрлерге бөлінеді: 
- өзіне-өзі қызмет көрсету кəсіпорындары;
- даяшылардың ішінара қызмет көрсетуі
- даяшылардың толық қызмет көрсетуі; 
- буфетшілердің қызмет көрсетуі. 
 Жұмыс істеу уақыты. Осы критерийге байланысты 
тамақтану кəсіпорындары келесі түрлерге бөлінеді: 
- тұрақты жұмыс істеуші; 
- маусымдық
сонымен бірге: 
- түскі жəне кешкі уақытта жұмыс істеуші; 
- түнгі уақытта жұмыс істеушілер (түнгі барлар). 
Қызмет көрсету көрсеткіші. Тамақтану кəсіпорындары 
келесі категорияларға бөлінеді: 
- люкс; 
- жоғары дəрежелі; 
- бірінші;
- екінші;
- үшінші дəрежелі. 
2. Сауда мекемелері
Дүкен (фр. Magasin сөзінен) – тауарларды сатуға жəне са-
тып алушыларға қызмет көрсетуге арналған жəне сауда, 
қосалқы, əкімшілік-тұрмыстық жайлармен, сонымен бірге та-
уарларды қабылдауға, сақтауға жəне оларды сатылымға дайын-


76
дауға арналған (қоймалармен) жайлармен қамтылған, арнайы 
жабдықталған стационарлық ғимарат немесе оның бөлігі. Заң-
намаға сəйкес, дүкеннің салық органдарында тіркелген аз дегенде 
бір кассалық аппараты болуы тиіс. Кейбір дүкендер төлем үшін 
пластикалық карталарды қабылдайды. 
Супермаркет – тамақтану өнімдері мен сусындардың, со-
нымен қатар үй шаруашылығына арналған қағаз өнімдерінің, 
кір жууға жəне ыдыс жууға арналған сабындардың, кір жуғыш 
ұнтақтардың, санитарлық жəне гигиена құралдарының, қағаз 
қаптамадағы кітаптардың, бөлме гүлдері мен дала гүлдерінің, 
үй жануарларына (ит пен мысық қорегі) арналған өнімдердің, 
автокөлік тауарларының, ойыншықтардың, құттықтау открыт-
каларының, бояулардың (косметика), ыдыстардың, дəрі-
дəрмектердің (рецептсіз сатылатын) жөне т.б өнімдердің толық 
сұрыпталымын сататын, өзін-өзіне қызмет көрсететін ірі əмбебап 
дүкен. Кейбір супермаркеттердің өзінде нан пісіретін жері бола-
ды жəне түрлі қызметтер ұсынады (брокерлік, сақтандыру жəне 
т.б). Супермаркеттер жиі ірі сауда желілерінің бөлімшесі болып 
келеді. 
Əдетте супермаркетте сауда бір жұмаға алдын ала жасалады, 
себебі өнімдерді көп мөлшерде сатып алған тиімді болып сана-
лады.
Гипермаркет – сауда бөлімдеріне бөлінген, өз-өзіне 
қызмет көрсететін дүкендердің жəне дүкеннің ұйымдастырылу 
қағидаларын бірлестіретін дүкен түрі.
Дүңгіршек (ларёк) – кішігірім көлемдердегі көшедегі 
жабдықтама. Ұсақ бөлшек саудаларды немесе қоғамдық тамақтану 
өнімдерін сатуға арналған орын. Сонымен бірге, ақпарат алу 
орны ретінде қолданыла алатын ақпараттық дүңгіршек.
Дүкенше (ағылш. store) – сатушылар (дүкенше ұстаушылар) 
өз тауарларын жайып қоятын дүкенше аталатын шағын дүкен 
(Салыстырыңыз: Бакалея дүкеншесі, Кітап дүкеншесі).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет