107
кез келген құралдар пайдаланылған. Дөңгелекті, кейіннен
қозғалтқыштың түрлі типтерін
ойлап тапқандықтан адам
сəйкесінше қозғалыс құралдарын жетілдіре бастады: повозкалар,
кареталар, параходтар, паравоздар, ұшақтар жəне т.б. Осыдан
кейін жолсапарларға əртүрлі қашықтықтарға, əртүрлі
мақсаттарда
шығуға мүмкіндікке иелендік.
Қазіргі кезде көлік дамып келе жатқан жəне жоғары
дамыған экономикалық жəне əлеуметтік негізі бар мемлекет
экономикасының ең маңызды құраушыларының бірі болып
табылады. Көлік экономиканың қалыпты қызмет атқаруын,
қоғамдық өндірістің
тиімділігін арттыруды, ел территория-
сында экономиканың түрлі салаларындағы кəсіпорындардың
шикізат көзіне, өнімді тұтынушылар аудандарына жақындатуға,
өндірісті мамандандыру мен кооперациялауды қамтамасыз етеді,
сауда, ауыл шаруашылығы жəне басқа да салаларды дамытуға
мүмкіндік береді. Əлеуметтік мəселелерді шешуде,
халықтың
іскерлік, мəдени жəне туристік сапарларын қамтамасыз етуде, ел
ішінде жəне шетелдерде мəдени алмасуды дамытуда көліктің рөлі
зор болып табылады.
Көлік түрлі елдер арасында өзара тиімді алмасулардың
іске асуына əсер ете отырып,
халықаралық экономикалық
қатынастардың дамуын қамтамасыз етеді.
Тарихи тұрғыда əртүрлі мемлекеттердің көліктік жүйелерінің
қалыптасуына олардың географиялық орны, табиғи əлеуеті,
сондай ақ климаттық, жəне ландшафттық сипаттамалары да
ықпал етті. Бұл белгілі бір мемлекеттің нақты бір аймақтық
жағдайында неғұрлым рационалды түрде
қолданылатын көліктік
коммуникациялық базалардың қалыптасуына əкелді.
Достарыңызбен бөлісу: