120
əуежай – қабылдауға жəне əуе кемесін жіберуге арналған əуежай.
Халықаралық əуе кемесін тасымалдауды орындайды, сақшы жəне
кедендік бақылау ісін жүзеге асырады.
3) Аэродром – ұшуды қамтамасыз ету, қондыру, ұшақтарды
орналастыру жəне қызмет көрсету, əуе кеңістігіндегі жер жəне су
саласы, құрылыстармен жəне айналымдар. Аэродром бір немесе
бірнеше ұшып қону жолындағы айналым болып табылады.
Аэродромның белгілері:
- азаматтық (азаматтық жолаушыларды жəне жүктерді тасы-
малдауға арналған, əуежайлардың құрамына кіреді);
- тəжірибелік (зауытта жəне полигондағы авиациялық құрал-
дар сынағы)
Мемлекеттік:
- əскери (қорғаныс есебін шығару, соғысқа арналған кезек-
шілікті құру);
- ғылыми (ұшу, шабуылдық жəне əскери авиацияның құра-
мындағы техникаға үйрету);
- спорттық (оқып жаттығуға жəне
ұшақпен ұшуды, тікұшақпен,
парашютпен секіруді үйретеді).
Азаматтық аэродромдарда азаматтық əуе кəсіпорындары
болады, ал əскериде Қорғаныс Министрлігінің жəне де басқа
күш ведомствалардың əскери бөліктері, айталық тəжірибелік
аэродромдарда – əуетехника сынақтарымен айналысатын
ұйымдар (əуезауыттардың ұшу сынақтық станциялары), əртүрлі
ведомствалардың ғылыми зерттеу мекемелері – азаматтық əскери
салалары, оқу-жаттығу – ұшу жəне де əуетехникалық училище,
спорттық – əуеспорт клубтары орналасады. Бірегей базалардың
бірсыпыра аэродромдары бар. Олардың құрамында азаматтық
жəне əскери аэродромдар болады. Соңғы жылдары əскери
аэродромдардың орнына əуе база
термині қолданылатын болды,
ағылшын тілінде - air base.
4) Əуевокзал (əуежай терминалы) – көбіне əуежайдағы əуе
транспорттарының жолаушылармен жəне жүк операцияларымен
айналысатын мекеме.
Екі мағына береді:
1. Əуевокзал – жолаушыларды əуежай аймағына кірген жəне
де ұшатын уақытқа дейін, яғни əуежайдан кеткенге дейінгі қызмет
көрсетіп, көптеген қызметтер көрсетілетін орын:
121
- əуекəсіпорынның қызметкерлері;
- жолаушыларды тасымалдайтын қызметтік ұйым;
- қауіпсіздік қызметі;
- жүктік қызметшекаралы, иммиграциялық жəне
кедендік тек-
серу қызметтері;
- демалуға арналған əртүрлі мекемелер мен кəсіпорындар,
жолаушыларды қызықтыру, мейрамхана жəне дəмхана, кəде
сыйлықтарды сату бөлімдері, дүкендер жəне т.б.
2. Əуежайға дейінгі бүкіл функцияларды орындайтын
автобустық рейс терминалы, қызмет көрсету əуежайларынан
алшақ орналасқан əуевокзал.
Достарыңызбен бөлісу: