Б. О. Сабатаева туризм инфрақҰрылымы оқулық


Жүк тасымалдаудың негізгі түрлері



Pdf көрінісі
бет60/153
Дата06.03.2024
өлшемі2.79 Mb.
#494605
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   153
suraganova turizm inf

Жүк тасымалдаудың негізгі түрлері
Қазіргі уақытта жүк тасымалдау адам өмірінің бір бөлігі бо-
лып табылады. Кəсіпкердің дамуына тасымалдаудың негізгі 


111
құндылығын көрсетеді. Көптеген жеке адамдарға жүк тасымал-
дау қызметі керек. Жүк тасымалдауға қандай транспорт тиімді 
болып табылады?
Негізгі жүк тасымалдау түрлері: автокөлік тасымалдауы, теңіз 
тасымалдауы, теміржол тасымалдауымен барлығы қолданылады. 
Автокөлік жолдары жүк тасымалдаудың ең таңдаулы түрі 
болып саналады. Бұл көлік тасымалын барлығы пайдаланады. 
Осы түрі көптеген жақсы жақтарды қамтамасыз етеді. Соларға 
тоқталып өтсек.
Ең бірінші жақсы жағы - барлық жерге бара алуы. Тек қатты 
жер болса жүре береді. Жүкті баратын объектісіне апара алады. 
Шынымен барлық жерге бірдей темір жол сала алмаймыз, себебі 
ландшафт кедергі болады. Тағы да жақсы жағы – оның бағасының 
басқа көлік түрлеріне қарағанда арзан болуы. Егер ұшақтың 
бағасымен салыстырсақ, ол əлдеқайда арзанға түседі.
Автокөліктік жүк тасымалдау инфрақұрылымның негізі бо-
лып табылады. Тек қана автокөліктің арқасында порттан неме-
се ұшақтан келген жүктерді қажетті жерлерге жеткізуге болады. 
Күндегі балғын нанның дастарханда тұруы атокөліктің заводтан 
əкелгенінің арқасында. 
Əуе жүк тасымалдауы көп жағдайда өзінің құнын ақтамайды. 
Дегенмен оның бізге пайдасы сол күйінде қалуда. Себебі, оларды 
басқа көлік бара алмайтын жағдайда қолдануға тура келеді.
Осыларға байланысты бұл транспорттың қазіргі таңда 250 т 
дейін жүк тасымалдайтын түрі шығарылған. Сонымен қатар 30 т 
дейін жүк көтеретін тікұшақтар шығарылған. 
Ең басты жақсы жағы ол уақытты басқаларға қарағанда тиімді 
пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл өте жақсы көмек көрсету көзі 
болып табылады. Мысалы, су тасқыны кезінде немесе т.б. құтқару 
кезінде. Қымбат жəне өте қауіпті болғандықтан өте тиімсіз болып 
саналады. Бірақ технология даму үстінде жəне уақыт өте келе ар-
зандап, қолжетімді транспорт көзі болады. 
Қазіргі таңда жүк тасымалдаудың шарықтау шегінде су жол-
дары тұр. Барлық халықаралық тасымалдау теңізбен тығыз байла-
нысты. Теңіз жүк тасымалдауы басқаларға қарағанда арзанырақ 
болып келеді. Қазіргі таңда кемелер жүкті көп көтеретін көлік бо-
лып табылады. Үлкен кеме салмағы 11000 т дейін жүк көтере ала-


112
ды. Тек қана мына шарттар орындалса болғаны: жақсы ауа райы, 
көпір астымен өтуге болатындай, керекті тереңдіктің болуы (егер 
жүретін маршрутты қамтитын болса).
Бір ғана кемшілігі тиеу жəне түсіргендегі физикалық жəне 
энергиялық шығындар. Бірақ бұлар оның жүк тасымалдау 
қасиетіне қарағанда түкке тұрмайды. Жүктің көлемі маршрут 
барысындағы көпірлердің биіктігінен жəне керекті стандарттар-
дан аспауы тиіс. Егер асқан жағдайда керекті шаралар қолдануы 
керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет