132
тартымды қылу керек, ол арнайы дизайн мамандары меңгерген
ақпаратты көркемдеу əдістері арқылы жүзеге асады.
Келесі қадамда жарнаманың орналасу жерін таңдау болып
табылады. Интернет жарнамасына территориялды шектеу жоқ.
Ол жер шарының кез келген нүктедегі қолданушыларына бірдей
қолжетімді. Ақпаратты мамандандырылған туристік WWW-
серверлерінде орналастырған дұрыс. Бұл жағдайда берілген
қызмет саласында мамандармен орындалатын
сапалы қызметтің
көрсетілуіне сенуге болады. Желідегі мəліметтер техникалық
қызмет көрсетуді, құрылуды жəне дамуын қажет етеді. Сондықтан
да оларды тасушы басқа қалада немесе елде орналасқанына
қарамастан оларды осы қызметтің сапасы жоғары жерде аралыс-
тыру керек. Егер клиент қызметінің жүргізілуіне жəне жылжуы-
на жауап беретін мамандандырылған агенттікке сенімді болса,
онда осы мəліметтерге сілтеме мамандандырылған түрде бүкіл
əлемдегі бірнеше ондаған электронды анықтамалықтарда жəне
каталогтарда орналасуы мүмкін,
бұл оның жоғары қолданысқа
ие болуын қамтамасыз етеді. Жарнаманы басқа WWW-сервер-
лерінде орналастыруға болады, егер ол жарнама берушіге про-
филь жағынан ыңғайлы болатын болса. Бұл қымбат емес жəне
қосымша клиенттерді тартуға мүмкіндік береді. ИНТУРИОН
атты маман
дандырылған онлайын қызметінің (http://www.hro.
ru/intour) бетінде туристік ұйымдардың, сонымен қатар туристік
қызметті жүзеге асыратын барлық
қатысушылардың жарнамалық
жəне ақпараттық қызметін жүзеге асырады. ИНТУРИОН жүйесі
келесі бөлімдерден тұрады:
- туристік ұйымдар - электронды онлайндық анықтамалық;
- туристік ұсыныстар - туристік бағдарламалар мен турлар ту-
ралы ақпарат;
- серіктестікті іздеу - серіктерді іздеу туралы хабарламалар;
- туристік қызметті жүзеге асыруды қамтамасыз ету - туризмді
жүзеге асыратын ұйымдардың онлайндық анықтамасы;
- виртуалды саяхат - Интернетте таныстырылған елдер мен
қалалар бойынша электронды экскурсиялар.
Электронды онлайындық анықтама жер шарының кез келген
нүктесінен ақпарат түйіндеріне тəуліктік ашық қолжетімдікті,
қабылданған мəліметтердің
жедел басылуына, жедел 1-2 күн
ішінде өзгерістердің енгізілуіне, деректердің елдер, қалалар жəне
133
сервис түрлеріне қатысты топталуын, ақпараттың тез ізделуін,
сілтемелердің персоналды беттер мен серверлерге көркемдеуін
қамтамасыз етеді.
Интернеттің қарқынды дамуы туристік фирмалардың жарна-
маға қатынасын өзгертуде. Мысалы, кейбір еуропалық турфир-
малар жарнамалық
газет көлемін шектей бастады, оның орны-
на олар өздерінің ақпараттарының Интернетте орналасуына бет
бұрды. Газеттегі кең көлемді жарнамалық хабарламалардың
орнына Интернеттің ақпараттық бетінде орналасқан адрестік
сілтемесі бар кішігірім блоктармен ауыстырылды. Сонымен бірге
көптеген Еуропалық компаниялар Интернеттің қарқынды дамуын
өз бизнестері үшін қауіп көреді. Интернетте қонақүйлерді, авиа
билеттерді жəне басқа да тур құраушыларын брондау жүйесінің
ашылуы нəтижесінде клиенттерге агенттіктердің қызметін
пайдаланбай-ақ өз демалысын өздері ұйымдастыруға мүмкіндік
береді. Интернетке қосылған туроператорлық
фирмалар туристік
өнімнің құрылуы мен жүзеге асуында осы глобалды компьютерлік
жүйенің ақпараттық мүмкіндіктерін бағалады. Көптеген туристік
орталықтар мен компаниялар Интернет желісінде ақпараттың
мəтіндік массивтерін түрлі түсті фотосуреттермен, тіпті фильм-
мен бірге орналастырады, бұл қолданушыларға туристік ре-
сурстармен
мұқият танысуға, турлар жайлы ақпарат алуға, күн
тізбесі мен ауыстыру шарттарымен танысуға, транспорттың
қозғалысы мен қонақүйлердің жəне экскурсиялар туралы, үлкен
мейрамханалар мен мəзір туралы, сұраныс жіберуге немесе
тікелей туристік қызметтерді брондауға, тіпті кредиттік карта
болған жағдайда оларға төлеуді жүзеге асыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: