130
баларды жəне т.б. күрделі құжаттарды жібере алады. Электронды
пошта-Интернеттегі жалғыз коммуникация емес.
Сонымен қатар, WWW технологиялары, компьютерлік
телефония, видеоконференцбайланыс та қарқынды түрде да-
муда. Интернеттегі неғұрлым мəнді қол жетістік – бұл «Бүкіл
Əлемдік Тор» (World Wide Web) жəне миллиондаған адамдарға
киберкеңістікке жол ашқан Web деп аталатын технология. Бұл
технология нақты уақытта бүкіл əлемдегі түрлі ұйымдардың
миллиондаған электронды кеңсе ақпаратты іздеуге жəне олар-
мен ұсынылатын ашық ақпаратпен танысуға мүмкіндік береді.
Əр интернетке қосылу əкімшіліктің
жедел байланысымен қатар
жүргізілуі мүмкін. Тағы бір ерекшелік - байланыс халықаралық
телефонды каналдың қажетінсіз: байланыс жергілікті байланыс
сызықтары арқылы жүзеге асырылады.
Электронды пошта көп салмақты ақпаратты өте тез (санаулы
секундтар) адресат компьютеріне немесе топтық поштаға жібере
алады. Сонымен қатар, серік
офисінің жұмысындағы уақыт
белдеулеріндегі айырмашалықты ескерудің қажеті жоқ. Электрон-
ды поштаның белсенді қолданылуы хабармен алмасуда кететін
шығындарды ондаған есе кемітуге мүмкіндік береді. Ол мөр мен
шын қол таңбаларын қажет етпейтін қағаз бетінде көрініс тапқан
келісім
шарттар мен контрактар, топтардың тізімі, қабылдайтын
туристер туралы хабарлама жəне басқа да жедел ақпарат бола
алады. Сондай-ақ хабарды жедел түрде жіберетін пошталық жүйе
(автоматтық көбейткіш-mail refl ector) қолданылуы мүмкін, мы-
салы, туризм, туристік өнім, тур, маршрут,
қызмет саласындағы
жаңа ұсыныстар. Бұл жағдайда электронды адрестері берілген
пошталық жүйе арқылы жедел уақытта жіберілген хабарды ала-
ды. Сəйкесінше сол қолданушы да берілген адрестер топтарынан
келген ақпаратты қабылдай алады.
Windows қабықшасында өзінің адрестік тізімін жасайтын
жəне сол берілген тізімде белгіленгендерге электронды
хабарды
жіберетін автоматты жіберуді орындайтын сəйкес бағдарламалық
жабдықтар бар. Көптеген туристік компаниялардың əлі де Интер-
нетке жағымсыз көзқараста болғанымен де, осы компьютерлік
желіні қолданудағы артықшылықтары айқындалуда.
Интернет-
тің тартымды жағының бірі - ол прайс-парақтардан бастап
131
каталогтарға дейінгі көлемдегі ақпаратты электронды тарату.
Лондондық тур операторлық фирма “Comet Travel” басшысының
айтуы бойынша ақпаратты 2000 агенттікке электронды жіберу
арқылы компанияға əр ретте $5000 жуық үнемдейді. Сонымен
бірге ақпарат Интернетте қолданушыларға –
агенттіктерге немесе
клиенттерге тəулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн бойы қолжетімді.
Осыдан басқа, жедел ақпарат алуда жеңілдік уақыт алуға болады:
ауа райының болжамы, қонақүйлер, қалалар сызбасы жəне т.б. ту-
ралы деректер.
Достарыңызбен бөлісу: