Б. О. Сабатаева туризм инфрақҰрылымы оқулық


Инженерлік телекоммуникациялар, туризм нысандарын жы-



Pdf көрінісі
бет73/153
Дата06.03.2024
өлшемі2.79 Mb.
#494605
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   153
suraganova turizm inf

4. Инженерлік телекоммуникациялар, туризм нысандарын жы-
лумен, сумен, энергиямен қамтамасыз ету
Қонақүй түрлі инженерлік құрылғылармен қамтылады. 
Олардың жұмыс істеу қалпын сақтау сəйкес технологиялармен 


135
қамтамасыз етіледі. Міндетті түрде техникалық қауіпсіздіктің 
жəне еңбекті қорғаудың талаптары орындалуы қажет. Түрлі шу-
лар, вибрациялар, жылудың, ылғалдылықтың, жарықтың жетіс-
пеушілігі немесе керісінше тым көп болуы, ғимаратта зиян 
заттардың болуы персонал мен тұрушылардың денсаулығына 
кері əсер береді. 
Шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктер жəне ішу үшін қо-
нақүй дің су құбырларының жүйесі қамтамасыз етеді. Ластан ған 
су канализация жүйесіне кіріп, қонақүйден шығады. Қонақүйді 
суық, ыстық сумен қамтамасыз етумен қатар өрт сөндіру жүйелері 
де жұмыс жасайды. Қонақүйге келетін судың сапасы мен темпе-
ратурасы елдің талап ететін стандартына сəйкес болуы қажет. 
Ыстық жəне суық су жүйелерінің шығыны жеке есептелінеді. 
Бір тұрғынға тəулігіне 3000 литр су кетуі мүмкін. Қонақүйдің 
бірлік жіберу қабілетіне меншікті су шығынының сыйымдылығы 
есептелінеді. 
Қонақүйді жылыту үшін түрлі су, бу немесе ауа жылу 
жүйелері қолданылады. Қонақүйдің тұрғын бөлігінде əдетте жеке 
жылыту жүйелері болады. Жылыту үшін кететін жылу мөлшері 
ғимараттың көлеміне жəне конфигурациясына, жылытылатын 
бөлмелердің жылу жоғалту мөлшеріне (есік, сыртқы қоршаулар 
жəне т.б. арқылы), сыртқы ауа температурасына, ғимараттың кон-
струкция ерекшеліктеріне байланысты болады. Жалпы жылуды 
қолдану жылумен, вентиляциямен жəне ыстық сумен қамтылуды 
қосады. Қонақүйдің бірлік өткізу қабілетіне жылудың меншікті 
шығыны есептелінеді. 
Жасанды емес жəне механикалық вентиляция арқылы 
қонақүй ішіндегі ластанған ауаның шығарылуы мен таза ауа 
ағымының кіруі жүреді. Вентиляция жүйесі ауа ауысуының жəне 
қозғалысының ұйымдастырылуына, қолдану мақсатына қарай 
ерекшеленеді (ағымдық, тартымдық).
Қонақүйде ауаның аллергендерден жəне ластанудан тазарта-
тын, кондиционерлеудің (ішкі климатты басқару) технологияла-
ры қарастырылған.
Күшті қажет ететін қызметтерге, жарықтандыру мен жылы-
ту мақсаттарына электр энергиясы қажет болады. Қонақүйдің 
күш қолданатын құрылғылар құрамына: электрқозғалтқыштар, 


136
ғимараттың ішін тазартатын машиналар, лифт, тоңазытқыштар, 
насостар, компрессорлар, станоктар жəне т.б. кіреді. Құрыл-
ғыларды қолдану жұмыс жасау уақытымен, қуатымен, өндіру 
процестеріне қызмет көрсетумен, жалпы жəне меншікті электр 
қуатын өндірумен сипатталады. Электр қамтамасыз ету жүйесінде 
екі оқшауланған сызба қарастырылған. Негізгіден (сызба негізгі 
жəне кезекшілік салалануы бар) жəне резервтік (апаттық).
Инженерлік құрылғылар жұмыс жасау қалпында сақтау құрыл-
ғыны қолдануды бақылау; қолданудың нормативтік шарт тарды 
бұзбау, уақытымен тексеру жұмыстарын жүргізу, құрылғыларды 
эксплуатациялық жəне толығымен жөндеу арқылы жүзеге асады. 
Қазіргі уақытта ЕЭМ басқаруды, функцияға өзгерістерді енгізуді, 
сигнализация, қайта қосуды, қонақүйдің тұрғындарын тіркеуді 
жүзеге асыра алады. 
Қонақүйдің əлсіз шаруашылығына байланыс құралдары, өрт 
жəне қауіпсіздік сигнализациясы, радиофикация, теледидарлық, 
газофикация, инженерлік құрылғылардың артоматизация-
сы жəне т.б. жатады. Соңғы уақыттарда қонақүйлердің əлсіз 
шаруашылығы жаңа компьютерлік технологияларға сəйкес 
түпкілікті модернизацияға ұшырады. 
Өрт қауіпсіздігінің сигнализациясы шығынның 7% жуығын 
құрайды. Қонақүйлерде өрттердің пайда болуы: темекі тартушы-
лардың (22.5%), жөнделмеген электр құрылғылар (19.7%) мен 
тeхниканың (18%), ас үйдегі өрттердің (16.7%) себебінен туын-
дайды.
Шетелдік зерттеулер үлкен қонақүйлердің тек 26% толық, 
ал 25% жартылай өрт қауіпсіздігі орын алатынын көрсетті. Бұл 
көрсеткіш орташа сыйымдылықты қонақүйлер үшін сəйкесінше 
11 жəне 12% болып отыр. Үлкен жəне орташа қонақүйлерде 
өрт қауіпсіздігінің автоматтандырылған жүйесі үшін өртті 
хабарлайтын өрт сигнализациялары болып табылады. Өрт 
сигнализациясының жүйесі модульді адрестік-аналогтық өрт 
сөндіру станциясын сипаттайды. Түрлі өрттің хабарлағыштары 
қонақүйдің əр бөлмесіне неғұрлым сəйкес өртті анықтайтын: 
оптикалық, ионизациялық, жылулық физикалық принциптерді 
таңдайды. Эвакуация жолдарында адрестік хабарлағыштар ор-
натылады. Жүйе өртті оның алғашқы кезеңінде анықтай алатын


137
өрттің пайда болған ошағын локальдеуге, «қара» түтіннің пайда 
болуына тез арада əсер ету мүмкіндігін жоғары ықтималдықты 
дəрежеде қамтамасыз етеді. Жүйе ЭЕМ-мен жəне бар цифрлық 
деректерді жіберу желілермен интеграцияланады. 
Қонақүйдің қорғау жүйесінің күзеттік сигнализациясын 
жартылай автономды құрған дұрыс. Орталықтанған күзеттің 
пультіне сигнализацияның ішкі жүйесі туралы ақпарат келіп 
түседі, ол ақшаны уақытша сақтау жерлерінде, кассада, ауыстыру 
пункттерінде орналасады. Қалған жерлерге сигнализацияның ав-
тономды түрі орнатылады. 
Қонақүйдің хабарлау жүйесі көп мақсатта қолданылатын 
аудиожүйе түрінде болады. Жүйе функциясына: қауіпті жағдайлар 
туралы персоналдарға хабар ету; ақпаратты микрофондар немесе 
алдын ала жазылған жазба арқылы жіберу; хабарларды немесе 
радиобағдарламаларды трансляциялау; қатар фондық музыкалық 
жүргізу кіреді. 
Қолжетімдік жүйесі жағымсыз, не рұқсат берілмеген тұл-
ғаларға қонақүйдің ғимаратына немесе оның кейбір бөлмелеріне
кіруге жол бермеу үшін құрылған. Есептеп оқитын есіктің 
құлпынан, құлыптардан ақпаратты оқитын терминалдардан, 
копьютер арқылы басқарылатын бағдарламалық карталардан 
тұратын автономды жүйелер қолданылады. Ақпаратты жіберетін 
бір бағытталған жүйелер, сондай-ақ басқару əсері бар жүйелер де 
қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет