Б. О. Сабатаева туризм инфрақҰрылымы оқулық


Тақырып бойынша негізгі түсініктер



Pdf көрінісі
бет69/153
Дата06.03.2024
өлшемі2.79 Mb.
#494605
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   153
suraganova turizm inf

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: Телекоммуника-
циялық желілер, байланыс жүйесі, ақпараттық технологиялар
инфра құрылым, электронды жарнама, байланыс каналы.
1. Байланыс пен телекоммуникация жүйелері,
байланыс жолдары
Туризм əлеммен бірге өзгереді жəне XXI ғасырдың басында 
ол көптеген мемлекеттер мен əлем аймақтарының əлеуметтік-
экономикалық жəне мəдени өмірінің басыңқы салаларының 
біріне, ал туристік индустрия – тұтынушы моделінің жəне 
көпшілік халықтың əлеуметтік тəртібінің мəнді ажырамас 
элементіне айналды.
Туризм инфрақұрылымы – инженерлік жəне коммуника-
циялық желілердің, құралдардың, сондай-ақ туристердің ту-
ристік қорларға қалыпты қолжетімдікті жəне туристік мақсатта 
қолданысын қамтамасыз ететін телекоммуникациялық байланыс, 
жолдар, аралас туристік кəсіптердің (қайта өндіретін, тұрмыстық, 
энергетикалық) жəне туристік кəсіптердің өміршеңдігін қамта-
масыз ететін кешен.
Телекоммуникациялық жүйелер мен желілер – кез кел-
ген уақыт 
та жəне кез келген жер шарының нүктесінде ақ-
па 
рат алуды жəне оны алмастыруды қамтамасыз ететін 
кеңістікте таралған бұқаралық қызмет жүйелері. Ақпараттық 
мəліметтерді, мəтіндерді, бейнені жинауға, таратуға, аудио жəне 
мультимедиялдық ақпаратты жіберуге мүмкіндік беретін жəне 
стериофондық бағдарламаларды, электронды поштаны жіберуді, 
Internet қызметіне қолжетімдікті жүзеге асыратын жүйелер. Бұл 


128
телефон жəне телеграфтық байланыс линияларының, мобильді 
жəне спутниктік радиобайланыс желілерінің, компьютерлік 
технологиялардың жəне глобалды INTERNET желісін қоса 
алғанда компьютерлік желі мен жүйелердің байланыс интегра-
циясы.
Телекомуникациялық жүйелер мен желілер – ақпараттың 
үлкен ағымын жоғары жылдамдықпен жіберу, осы ағымдардың 
маршруттау есептерін шешу, ақпараттық мəліметтердің жоғары 
сапамен жіберуді қамтамасыз ету, желіні жалпы жəне оның əр 
бөлігін басқару мен синхронизациялау, цифрлық жүйелерді жəне 
интеллектуалды компьютерлік технологияларды қолдану, осы 
желідегі ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін желілер 
мен жүйелерді жобалау саласындағы фундаментальді дайындық.
Ақпараттық ғасыр шеңберінде мемлекеттің дамуы сапалы жаңа 
деңгейге өтуінің міндетті шарты болатын əр азаматтың күнделікті 
өміріне ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың енгі-
зілуі. Ол үшін мултисервистік инфрақұрылымды «электрон-
ды үкіметті» құру мен дамыту болып табылады. Мемлекеттің 
ақпараттық инфрақұрылымды құрудың негізгі мəні мəліметтерді 
жіберудің желілерін құру, ал ол болса мемлекеттік органдардың, 
ведомствоаралық ұйымдардың кез келген мемлекеттің əкімшілік-
аймақтық құрылым деңгейде əрекеттесуінде ақпараттық 
оқшаулану мəселелерін шешу.
Ақпараттық технологиялардың жəне телекомуникациялардың 
Қазақстан Республикасы инфрақұрылымның элементі ретінде 
рөлі мен мəні мемлекеттің тұрақты дамуы мен бəсекеге 
қабілеттілігін жоғарлатуда. Соңғы жылдары телекоммуникация 
саласының тұрақты дамуын ескере отырып, қазіргі заманға сай 
телекоммуникациялық инфрақұрылымның дамуы мен ұлттық 
экономиканың өсуінің кілті ретінде ақпараттық теңсіздікті жеңу 
- Қазақстан Республикасының негізгі міндеті цифрлық транспорт 
ортасын құру болып табылады. Телекоммуникациялық нарықтың 
либерализация процесінің шеңберінде нарық құрылымының 
оптимизациясы жүруде. Қазіргі уақытта телекоммуникациялық 
нарықтың келесі негізгі сегменттерін бөлуге болады: мобильді 
байланыс, жергілікті телефон байланысы, қалааралық жəне 
ұлтаралық байланыс, мəліметтерді жіберу, телематикалық қыз-


129
мет тер (Интернетті қоса алғанда). Бүгінгі таңда мəліметтерді 
жіберуде желілердің дамуы облыстар территориясында 
біркелкі емес. Ауылдық өңірлерде жаңа заманғы байланыс 
тек кейбір аудан орталықтарындағы мемлекеттік органдарға 
қолжетімді. Сондықтан да қазіргі заманға сай инфрақұрылым-
коммуникациялық желінің бар болуы аймақ дамуының маңызды 
факторы болып отыр. Мемлекеттік органдардың ақпараттық 
инфрақұрылымдық дамуында əлі де мемлекеттік органдарда 
ақпараттық жүйелер интеграциясын ұйымдастыру мəселелері 
орын алуда. Бұған мемлекеттік органдардың мəліметтерді 
жіберуде бірыңғай жүйесінің болмауы, интеграцияланатын 
ведомствалық деректер қорының аяқталмауы, нормативті қордың 
дайын болмауы жəне т.б. əсер етеді.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында бірқатар мемлекет-
тік органдарда мəліметтерді жіберетін желілер құрылып, 
қолданыс тапты,олардың ішінде ең ауқымдысы салық жəне ке-
ден əкімшілігі, қазыналық жəне зейнетақыны қамтамасыз етудегі 
корпоративті коммуникациялық желілер, басқа мемлекеттік 
органдарға мəліметтерді жіберу үшін ведомстволық желілерді 
құру мен кеңейту қажет болуда. Бірақ, мəліметтерді жіберуде 
ведомствалық желілерді құрудың бірыңғай орталықтанған 
əдістеменің болмауынан жұмыстардың қайталануына, ақпарат-
тық-коммуникациялық жүйелердің үйлесімсіздігіне, қорлар 
тиімділігінің төмендеуіне əкеледі. Оның үстіне бірыңғай 
қауіпсіздік саясаты жоқ, мемлекеттің кез келген əкімшілік-
аймақтық құрылым деңгейінде ведомствоаралық байланысудың 
ұйымдасуы əлі мəселе деңгейінде болуда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет