140
1. Рекреациялық қорларды қолдануды қамтамасыз
етуге мүмкіндік пен ыңғайлылық беретін ғимараттар жəне
жабдықтар
Туристік шаруашылық туристік
ұсыныстың негізгі элементі
ретінде аймақтық жүйеге жəне туристік қозғалыс интенсивтілігіне
шешуші əсер етеді. Бұнда басты рөлге түнеу базасы, көлік жəне
тамақтану базасы ие. Аймақтың туристік тартымдылығы жоғары
дəрежеде болса да, бұқаралық туризмнің бұларсыз дамуы мүмкін
емес. Дегенмен туристік тартымдылықты арттыру үшін қосымша
базаның маңызы зор.
Туристік шаруашылықты екі категорияға бөлуге болады:
тура
жəне
жанама. Олар бір-бірімен тығыз байланысты жəне бір-
бірінсіз бола алмайды.
Бірінші топқа тек туристерге қызмет көрсетуге арналған
ұйымдар мен объектілерді жатқызуға болады: турбазалар,
қонақүйлер, кемпингтер, приюттар,
арнайы жолдар мен көліктік
орталықтар жəне т.б. Бұлар туристік объектілер деп аталады.
Ал екіншіге – туристерге арналмаған ұйымдар мен объектілер
жатады, бірақ оларды туристермен сирек жəне мезгілімен
қолданады. Бұған жалпы мемлекеттік жолдар, көлік жəне ком-
муникация, мейрамханалар мен дүкендер желісі, коммуналдық
қызметтер, тұрмыстық жəне мəдени ұйымдар. Барлық комплекс
функционалдық қызметіне қарай 4 базаға бөлінуі мүмкін:
– түнеу базасы (орналастыру);
– тамақтандыру;
–
коммуникациялық база;
– қосалқы база.
Барлық туристер негізгі, қосымша жəне қосалқы қызметтерді
тұтынушылар болып табылады.
Қосымша қызметтер ауқымды спектр болып табылады
жəне туризм инфрақұрылымы дамыған жағдайда жалпы кіріс
көлемінің 50%-ын алады. Оларға мыналарды жатқызуға болады:
– негізгі қызметтер тізіміне, құрамына
кірмеген қосымша экс-
курсиялар;
– емдік-шынықтыру қызметтері;
– медициналық қызметтер;
141
– мəдени-көркемдік, ойын мерекелері жəне т.б.
Қосалқы қызметтерге жататындар:
– кəдесыйлық өнімдерімен, туристік символикалармен
қамтамасыз ету;
– саудалық,
валютті-кредиттік, ақпараттық жəне т.б. қызметтер;
– арнайы байланыс түрлерінің қызметі, жеке сейфтердің
берілуі жəне т.б.
Өндірістік туристік орындар:
– туристік жəне қонақүй жиһаздарын өндіру фабрикалары;
– туристік кəдесыйлық фабрикалары;
– туристік жабдықтарды өндіру кəсіпорындары жəне т.б.
– Сауда кəсіпорындары:
– туристік жабдықтарды өңдеу дүкендері;
– туристік кəдесыйлық өңдеу дүкендері;
– жалға беру орындары.
Қосымша қызмет пен қосалқы қызметтер арасында нақты
шек жоқ. Жоғары разрядты отельдерде қосымша жəне қосалқы
қызметтер саны 500.
Қазақстан Республикасында физикалық мəдениет
пен спорт
дамуына басты назар аударылады. Қазақстан Республикасындағы
дене шынықтыру жəне спортты дамыту туралы мемлекеттік
бағдарламаны іске асыру барысында 2007-2011 жылдары
Қазақстанда дене шынықтыру жəне спортпен шұғылданатындар
саны тұрақты түрде өсіп жатқандығы байқалады.
Дене шынықтыру жəне спорттың материалдық-техникалық
базасы нығайып жатыр. Спорттық жабдықтар саны 1736-ға
өсіп, 28666 болды. Астана, Орал, Қостанай, Шымкент, Павлодар
қалаларында
спорт сарайлары қатарға енді, Қарағанды, Өскемен,
Астана, Атырау қалаларында қазіргі заманға сай спорттық кешен-
дер тұрғызылған. Астана, Қарағанды, Атырау, Қостанай, Павло-
дар, Талдықорған, Ақтөбе, Орал қалаларындағы стадиондарға
жəне Алматы қаласындағы «Медеу»
спорттық кешені мен спорт
сарайына күрделі қайта жөндеу жүргізілді.
Туризмдегі спорттық қосалқы базаға көптеген құрал-
жабдықтарды жатқызуға болады:
– спорттық алаңдар;
– жасанды шыңдар, құздар;
142
– теннистік корттар;
– мұз айдындары;
– бассейндер;
–
фитнес залдар;
– түрлі спорттық инвентарь (тренажерлер, конькилер, альпілік
жабдықтар жəне т.б.)
Достарыңызбен бөлісу: