152
Клубтық қызмет
Клуб өз мүшелерінің мəдени деңгейлерін жоғарылату,
шығармашылық бастауларын дамыту жəне əлеуметтік белсен-
ділігін дамыту мақсатымен құрылады.
Клубқа келушілер бірге
демалады, көңіл көтереді. Қоғамдық ой, өзіндік сана клуб
бірлестігіне тəн.
Клубты мамандар мен басшылар басқарады. Персонал
педагогикалық білімге ие жəне əртүрлі өнер түрлерін біледі.
Клубтық қызмет əрқашан көпфункционалды сипатқа ие.
Кешенді
жəне мамандандырылған клубтар болады.
Кешенді клубтар кең ауқымды қызығушылыққа ие адамдардың
бір-бірімен араласуын ұйымдастыруға арналған. Мұндай
клубтардың қызметіне шығармашылықты дамыту, мəдени дема-
лыспен қамтамасыз ету жатады жəне олар əртүрлі келушілердің
қызығушылықтарын ескерулері керек.
Мамандандырылған клубтар
кішігірім қызығушылыққа
ие келушілерге арналған. Бұл адамдар бір əлеуметтік топтан,
бір мамандықтан, жастары шамалас жəне т.б. болуы мүмкін.
Мамандандырылған сипатқа ие. Кейбір жағдайда клубтық қызмет
халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастырумен айналы-
суы мүмкін (совмещение).
Клуб ғимараттары түрлі демалысты
ұйымдастыруға арналған
болуы керек. Клубтың кəдімгі, қарапайым, əдеттегі құрамына:
көрермендер кешені, демонстрациялық жəне клубтық кешендер,
техникалық жəне əкімшілік-шаруашылық бөлмелері кіреді (17,
18, 19-кесте).
Достарыңызбен бөлісу: