Аралас қатынастарда жүктерді тасымалдау сипаттамасы. Тура
аралас тасымалдар теміржол-су (теміржол-теңіз және теміржол-өзен),
теміржол-автомобиль, тура су (өзен-теңіз), су-автомобиль.
Маршруттармен және вагон топтарымен жіберілген ақтарылма және
үйілме жүктерді темір жолдар тура тасымалға тек бір жүкті алмастыру пункті
арқылы, бір жүкқұжатпен тура аралас теміржол су қатынасында тасымалдауға
қабылдай алады. Тасымалдайтын порт (станция) жүкқұжатта жүк
жөнелтушімен тасымалдың айлық жоспарына сәйкес белгіленеді. Теміржол
арқылы тасымалданатын жүк жолы теміржол станциясының жүкқұжатында
көрсетіледі.
Жолдар мен кеме қатынасы вагондар мен кемелерді жүкті
алмастыру
пунктіне үзіліссіз және біркелкі беріп отыруы керек.
Тура аралас теміржол-су қатынасында жүктерді тасымалдау кезінде
жылжымалы құрамды беруді ұйымдастырудың үш нұсқасы қолданылады:
-
поездтар мен кемелердің жүкті алмастыру пунктіне келуімен
келісілген
кесте бойынша;
-
тәулік кезеңі бойынша (теміржол және су көлігінде үлкен
қашықтықта жылжымалы құрамның берілуі жарты тәулікке, ал
қысқа
қашықтықта тәуліктің төрттен бір бөлігіне жоспарланады);
-
келу уақытын келіспей ұйымдастыру. Бұл жағдайда уақыт
жылжымалы құрамның жақындап қалған кезінде өзара ақпарат алмасу арқылы
белгіленеді. Бұл нұсқада жүктер көбінесе қоймаларға жіберіледі, жүктердің
жартысы басқа көлік түріне қайта тиелуі мүмкін.
Әр жүкті алмастыру пунктінде
жұмыс тәртібі мен жүкті беру тәртібі
жолмен және кеме қатынасымен бір жылға дейін келісілетін басты келісіммен
(тасымал ережесі негізінде) белгіленеді.
Достарыңызбен бөлісу: