Тасымалдау тізбектеріндегі көліктің МӘНІ



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата11.03.2024
өлшемі248.07 Kb.
#494903
1   2   3   4   5
Ққ

Теңіз порттарында тура қайта тиеу айырбасталатын вагондар паркін 
бөлу арқылы немесе станция мен порттың нақты, дұрыс келісіп 
ұйымдастырылған жұмысы негізінде паркті бөлмей жүзеге асырылады.
Станциялар мен порттардың дұрысталған, ырғақты жұмысы үшін өзара 
ақпарат алмасу үлкен әсер етеді. Тура аралас теміржол-су қатынасында 
жүктерді тасымалдау ережесі ақпаратты берудің келесі тәртібін қарастырады: 
маршруттық және іріленген тасымалдарда жүкті жіберетін станция жүкті 
тиейтін күні жүк тасымалданатын портқа немесе станцияға жүк (көлемі, тегі), 
тасымалдау тәсілі, жеткізу пункті туралы мәліметті телефон арқылы 
хабарлауы керек. Егер жүк су көлігінен жеткізілетін болса, онда осындай 
хабарламаны портқа немесе станцияға жүкті жіберуші порт хабарлайды. Кеме 
келгенге дейін 10 сағат бұрын порт жүк алмастыру станциясына жүк туралы 
нақтыланған мәліметтерді және жүк алмастырудың басталу күнін хабарлайды. 
Сәйкесінше перевалка станциясы маршрут немесе вагондар тобы келгенге 10 
сағат қалғанда портқа жүк туралы нақтыланған мәліметтерді хабарлайды. 
Бұндай ақпараттардың тәртібі жылжымалы құрамның тиеу және түсіруде тұру 
уақытын қысқартады.
Автомобиль көлігі басқа көлік түрлерімен тура аралас қатынаста жүктің 
үлкен көлемін тасымалдайды. Тура аралас теміржол-автомобиль, су-


автомобиль қатынастарында ақтарылма, үйілмелі, ыдыстағы және 
контейнерлердегі жүктерді барлық тасымал жолына жасалған бірыңғай 
көліктік құжат бойынша тасымалдайды.
Жүкті жіберуші теміржол станциясына, портқа немесе автостанцияға 
жүкті тапсырғанға дейін тура аралас қатынасқа жүкқұжат толтырады. 
Жүкқұжат негізінде станция, порт немесе автостанция жол ведомостын 
жасайды.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет