Тасымалдау тізбектеріндегі көліктің МӘНІ



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата11.03.2024
өлшемі248.07 Kb.
#494903
1   2   3   4   5
Ққ

Жүк тасымалдарының жіктемесі мен сипаттамасы (жөнелту 
түрлері). Әр көлік түрінде жүктерді жөнелтудің әртүрлі жүк қатынастары мен 
жүктерді тасымалдау жылдамдығы болады. 
Теміржол көлігі 
Жүк қатынастарының түрлері: 

Жергілікті – бір жол шегінде; 

Тура – екі немесе одан көп жол шегінде; 

Тура аралас теміржол-су – теміржол және су көлігінің қатысуымен 
бірыңғай тасымалдау құжатымен тасымалдау немесе тура аралас теміржол-
автомобиль – теміржол және автомобиль көліктерінің қатысуымен бірыңғай 
тасымаладу құжаты бойынша; 



Тура халықаралық – екі немесе одан да көп мемлекеттердің 
жолдарының қатысуымен бірыңғай тасымаладу құжаты бойынша. 
Тура аралас теміржол-cу-автомобиль, теміржол-әуе және басқа 
қатынастар қарастырылған.
Бір жүкқұжат бойынша қабылданған жүк көлемінен тәуелді ұсақ, аз 
тонналы, вагондық, топтық, маршруттық тасымал жүзеге асырылады.
Аз жөнелтім деп массасы 5 тоннадан кем емес және көлемі жабық төрт 
осьті вагонның, жартылай вагонның немесе төрт осьті платформаның 
сыйымдылығының 3/1 бөлігін құрайтын жүк партиясы саналады. 
Аз тонналы жөнелтім деп салмағы 10 тоннадан 20 тоннаға дейін және 
көлемі төрт осьті вагонның көлемінің жартысынан артық емес жүк партиясы 
саналады.
Вагондық жөнелтім үшін жеке вагон қажет болады.
Топтық жөнелтім дегеніміз бір вагоннан артық, бірақ маршруттан аз 
жүк көлемі. 
Маршруттық жөнелтім дегеніміз маршрут (поезд) нормасы, массасы 
бойынша сәйкес келетін қажетті вагондар саны үшін бір жүк құжаты бойынша 
бірінші жүк тасымалдаушыға ұсынылатын жүк партиясы. 
Жеткізу жылдамдығы келесі түрлерге бөлінеді: 

Жүк жылдамдығы – тасымал қарапайым жүк пойыздарында 
жүзеге асырылады

үлкен жылдамдық – жедел пойыздарда (жылдам бұзылатын 
жүктер); 

жолаушы жылдамдығы – багаж бен жүктерді жолаушы 
пойызымен тасымалдау. 
Автомобиль көлігі 
Жүк автомобиль тасымалы төмендегідей ажыратылады: 
- салалықөнеркәсіптік, құрылыс, ауыл шаруашылығы, сауда, 
коммуналдық шаруашылық, пошта жүктерін тасымалдау; 
- жүк партиясының өлшемі – жаппай және ұсақ партиялы тасымалдар. 
Жаппай тасымалдар біртекті жүктердің үлкен көлемін тасымалдау. Ірі 
партия автомобильдің номиналды жүккөтергіштігіне тең болуы мүмкін, бірақ 
qγ-дан аз болуы керек (γ – жүккөтергіштікті пайдаланудың статистикалық 
коэффициенті). Ұсақ партиялар – аз партиялы жүктер (10кг-нан qγ/2 тоннаға 
дейін). 
- аумақтық белгісі бойынша – қалалық, қала маңындағы, ауданішілік, 
аудан аралық, қалааралық, халықаралық тасымалдар. 
- орындалу тәсілі бойынша – жергілікті – бір автокөлік кәсіпорнымен 
жүзеге асырылады; тура қатынас – тасымалдау барысында бірнеше автокөлік 
ұйымдары қатысады; аралас қатынас – екі немесе одан да көп көлік 
түрлерімен тасымалдау. Аралас қатынастағы тасымал түрінде жүктер қайта 
тиелмей бір көлік түрінен екіншісіне беріледі.
- Уақытты игеру бойынша – тұрақты, маусымдық, уақытша 
тасымалдар. Тұрақты тасымалдар жыл көлемінде жүзеге асырылады. 


Маусымдық тасымалдар жылдың белгілі бір мезгілінде ғана жүзеге 
асырылады. Уақытша тасымал анда-санда жүзеге асырылады.
- Ұйымдастыру белгісі бойынша орталықтандырылған және 
орталықтандырылмаған. 
Орталықтандырылған 
тасымалда 
автокөлік 
кәсіпорындары жүктерді жеткізуді ұйымдастырушылар ретінде жұмыс 
жасайды және өздері осы процесті жүзеге асырады. Орталықтандырылмаған 
тасымалдарда әр жүк алушы өз бетінше жүктің жеткізілуін қамтамасыз етеді.
Өзен көлігі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет