автомобиль, құбыр); әуе көлігі болып бөлінеді. Құбыр көлігінен басқа көлік
түрлерінің барлығында жолаушылар мен жүктерді тасымалдайды. Бұл көлік
түрлері дәстүрлі болып есептеледі. Дәстүрлі емес көлік түрлері пульпоқұбыр
(ақтарма жүктер ұсақталып, сумен құбырларға айдалады), пневмокөлік,
магнитті жастықтағы көлік.
Әр көлік түрінің жүктерді тасымалдауға қатысты өзіндік
ерекшеліктері бар.
Теңіз көлігінің ерекшелігі
Артықшылығы: жүк
тарифтері төмен, еңбек өнімділігі төмен
(кемелердің еңбек сыйымдылықтары үлкен), жұмыстың үзіліссіздігі (тәулігіне
24 сағат), ауа райынан аздап тәуелді, сұранысқа тәуелді ұтқырлық (теңіз
кемелерін әлемнің кез келген нүктелеріне жіберуге болады), теңіз қатынас
жолдарының өткізу қабілеттілігі шексіз.
Кемшілігі: салыстырмалы түрде жылдамдығы төмен (жүк кемелері үшін
18-28 түйін), салыстырмалы түрде қозғалыс жиілігі төмен (үлкен жүк көлемін
ғана тасиды және бірден), жүктерді дұрыстап орау.
Теміржол көлігінің ерекшелігі
Артықшылығы: ұзақ қашықтыққа тез жеткізу,
климаттық жағдайдан
тәуелсіз, жүккөтергіштігі үлкен (3-4 тонна – бір құрам), салыстырмалы түрде
тарифтер төмен, жүк алушыда кірме жолдар болған жағдайда қосымша
қолайлылықтар пайда болады (жүкті «есіктен есікке» принципі бойынша
жеткізуге болады), әртүрлі тауарларды тасымалдау қабілеттілігі жоғары.
Кемшілігі: жүктерді қайта тиеу (вагондарды қайта сұрыптау), орауы
мықты болуы керек, жеңіл қолды болады,
теміржол тораптарының
географиялық орналасуынан тәуелді, жолда құрамды қайта құрастыру.
Автомобиль көлігінің ерекшелігі
Артықшылығы: маневрлілік (автомобиль қай жерге қажет болса, сол
жерге бара алады), жеткізудің жылдамдығы мен тұрақтылығы, жеткізудің
заманауи түрлерін («есіктен есікке дейін») ұйымдастыру мүмкіншілігі,
жүктердің жақсы сақталуы, жақын қашықтыққа тасымалдағанда үнемді
болады.
Кемшілігі: жол торабынан тәуелді, жүккөтергіштігі аз,
салыстырмалы
түрде тарифі жоғары.
Әуе көлігінің ерекшелігі
Артықшылығы: жеткізу жылдамдығы жоғары, жолдың туралығы, жолда
жүктің жақсы сақталуы, сервис деңгейі жоғары, қарапайым орауды қажет
етеді, сақтандыру шығындары төмен.
Кемшіліктері: жүк тарифтері жоғары, ауа райынан тәуелді, жүктің
өлшемі
мен көлемі шектеулі, жер қызметінен тәуелді, әуежайлардың
кәсіпорындардан алыс орналасуы.
Құбыр көлігінің ерекшелігі
Артықшылығы: ауа райынан тәуелсіз, тасымалданатын жүк үзіліссіз
беріледі, өзіндік құны төмен, операцияны автоматтандыру деңгейі жоғары
(құю, айдау, төгу).
Су көлігінің ерекшелігі
Артықшылығы: деңгейі терең өзендер
мен теңіздерде жеткізу
мүмкіндігі жоғары, салыстырмалы түрде тасымалдау тарифі төмен, континент
аралық тасымалдау мүмкіншілігі.
Кемшілігі: тасымалдау жылдамдығы төмен, маусымнан тәуелді,
тасымалдау және жүктің сақталу сенімділігі төмен.
Материалдық ағымды басқару – күрделі процесс болып табылады,
кәсіпорынның логистикалық менеджменті көптеген міндеттерді орындауы
керек. Шешуді талап ететін негізгі міндеттер:
- Сыртқы материалдық ағымның параметрлерін есептеу;
-
Тасымалдау тәсілін таңдау;
- Көлік түрін таңдау;
- Негізгі және қосымша логистикалық делдалдарды таңдау;
- Материалдық ағымдардың қозғалу процесінің параметрлерінің
мониторингі және оларды келешекте оңтайландыру.
Көлік агентін таңдау процедурасы келесі кезеңдерді қамтиды:
- Берілген сапа деңгейінде тасымалдау процесін жүзеге асыру үшін
қажетті ресурстардың түрлері мен көлемін анықтау;
- Кәсіпорынға қажетті ресурстардың қол жетімділік деңгейін анықтау;
- Көлік нарығында әрекет ететін агенттерді анықтау;
- Көп критерийлі талдау негізінде тиімді нұсқаны таңдау;
- Тасымалдау процесін орындау және оған қажетті құжаттарды
дайындау;
-
Процесті бақылау, оны талдау және басқару әрекетіне көнетін оның
параметрлерін түзету негізінде оңтайландыру.
Тасымалдау тәсілін таңдаған кезде кәсіпорынның логистикалық
менеджменті көлік процесінің қозғалыс маршруты мен қатысушылар санын
анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: