Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7



Pdf көрінісі
бет137/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

Еңбек даулары ретінде қызметкер мен жұмыс берушінің 
арасындағы тікелей келіссөздермен реттелмеген, қолданыстағы 
заңдарда қолдану, жаңа еңбек жағдайларын белгілеу жəне еңбек 


жағдайларын 
өзгерту 
жөніндегі 
мəселелерге 
қатысты 
келіспеушіліктер танылады. 
Еңбек дауларының туындауына əсер ететін себептер алуан түрлі 
болуы мүмкін. Бұл себептерге жəне еңбек дауының пəніне қарай 
еңбек дауларын келесі түрлерге бөлуге болады. 
Субъективтік 
құрам 
бойынша, 
яғни, 
еңбек 
дауына 
қатысушылардың құрамы бойынша еңбек даулары жеке жəне 
ұжымдық еңбек даулары болып бөлінеді. Жеке еңбек даулары 
бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру немесе тануға байланысты, 
еңбек туралы заңдарға, ұжымдық шартқа жəне еңбек туралы өзге де 
келісімдерге байланысты талаптарын жұмыс берушіге білдірген 
жекелеген қызметкерлердің бастамасы бойынша туындайды. Жеке 
еңбек дауларына бір жағынан - қызметкер, екінші жағынан - 
басшылық қатысады. Жеке еңбек даулары тек еңбек құқығы 
қатынастарының мазмұнына ғана емес, сонымен қатар, еңбек 
шартын бекіткенге дейінгі, оның əрекет еткен кездегі жəне оны 
бұзғаннан кейінгі жағдайларға да қатысты туындауы мүмкін 
(мысалы, қызметтен заңсыз босату жəне т.б.). 
Жеке еңбек дауларының пəні болып еңбек қатынастары да, 
олармен тығыз байланысты өзге қатынастар да табылады. Қызметі 
бойынша ауыстыру, қызметінен босату, біліктілікті немесе 
дəрежені көтеру жəне т.б. туралы даулар – бұлардың барлығы 
жеке еңбек даулары. Ал кəсіптік одақтың немесе еңбек ұжымының 
басшылықпен арасындағы ұжымдық шартты бекіту кезіндегі
даулары, ұжымдық сыйақылар жəне т.б. туралы даулары ұжымдық 
еңбек дауларына жатады. Бұл жерде ескеріп өтетін бір жайт, сотқа 
ондаған ұқсас талап-арыздар (мəжбүрлі демалысқа, жалақыны 
уақтылы төлемеуге қатысты жəне т.б.) түссе де, олар ұжымдық 
талап-арыз болып саналмайды. Жеке еңбек дауларында нақты бір 
қызметкердің субъективтік құқықтары мен заңды мүдделері 
дауланады жəне қорғалады. 
ҚР «Ұжымдық еңбек даулары мен ереуілдер туралы» заңында 
ұжымдық еңбек дауларына келесідей анықтама берілген: 
«Ұжымдық еңбек даулары – бұл жұмыс берушінің (жұмыс 
берушілердің бірлестігінің) жəне қызметкерлер ұжымының 
(қызметкерлердің өкілдерінің) арасында ұйымдарда жалақы төлеу 
мəселесіне, ұжымдық шарттар мен келісімдерді бекітуге жəне 
орындауға, сонымен қатар, қолданыстағы заңдардың, ұжымдық 


шарттардың жəне келісімдердің ережелерін қолдану мəселелеріне 
қатысты туындайтын келіспеушіліктер». 
Ұжымдық 
еңбек 
дауларында 
бүкіл 
ұжымның 
құқықтары, өкілеттіктері мен мүдделері дауланады жəне 
қорғалады. Мұндай дауларға бір жағынан – еңбек ұжымы немесе 
бірнеше ұйымдардың еңбек ұжымдары, екінші жағынан – бір 
немесе бірнеше ұйымдардың басшылығы қатысады. Ұжымдық 
еңбек даулары келесі құқықтық қатынастардан туындайды: 
а) еңбек ұжымының басшылықпен, соның ішінде, ең жоғарғы 
басқару органмен арасындағы құқықтық қатынастардан; 
ə) кəсіптік одақтың басшылықпен арасындағы құқықтық 
қатынастардан. 
Сондықтан, ұжымдық еңбек дауларын еңбек ұжымының 
басшылықпен арасындағы жəне кəсіптік одақтың басшылықпен 
арасындағы еңбекк даулары деп бөлуге болады. 
Ұжымдық еңбек дауы – бұл тараптардың арасындағы келесі 
мəселелерге қатысты туындайтын келіспеушіліктер: 
а) еңбектің əлеуметтік-экономикалық жағдайларын жəне 
өндірістік тұрмысты өзгерту немесе еңбектің жаңа жағдайларын 
белгілеуге қатысты; 
ə) ұжымдық шартты, кесімді бекітуге немесе өзгертуге қатысты; 
б) еңбек туралы заңдардың талаптарының орындалмауына қатысты. 
Еңбек даулары өзінің сипаты (пəні) бойынша талап-арыздық 
жəне талап-арыз еместік болып бөлінеді. Талап-арыздық еңбек 
даулары – бұл сотта бұзылған құқықтар мен заңды мүдделерді 
қалпына келтіру туралы тиісті өтініштің (талап-арыздың) негізінде 
қаралатын даулар. Көп жағдайда, бұлар жеке еңбек даулары 
болып табылады. Мұны мына жағдаймен түсіндіруге болады, 
əрбір қызметкер еңбек құқықтары мен міндеттеріне ие, 
жəне оларды қорғау жеке тəртіппен жүзеге асырылады. 
Талап-арыздық емес еңбек даулары – бұл заңдармен немесе 
еңбек туралы өзге де нормативтік құқықтық актілермен 
реттелмеген еңбек жағдайын өзгерту немесе еңбектің жаңа 
жағдайларын белгілеу туралы даулар. Оларды жұмыс беруші жəне 
қызметкерлердің тиісті уəкілетті органы шешеді, яғни, бұл даулар 
соттан тыс тəртіпте шешіледі. Талап-арыздық емес даулар жеке де, 
ұжымдық та сипатта болуы мүмкін. 


Көп жағдайда ұжымдық еңбек даулары талап-арыздық емес 
сипатқа ие болады жəне ерекше тəртіпте арнайы комиссиялармен 
(олар туралы төменде айтылады) қарастырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет