Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


Еңбекті қорғауды бұзғаны үшін жауапкершілік



Pdf көрінісі
бет135/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

Еңбекті қорғауды бұзғаны үшін жауапкершілік. ҚР «Еңбекті 
қорғау туралы» заңында еңбекті қорғауға қатысты заң 
шығарушылық жəне өзге де нормативтік құқықтық актілерді 
бұзғаны үшін жауапкершілік көзделген. Бұл жауапкершілікті 
шартты түрде кəсіпорындардың, лауазымды тұлғалардың жəне 
қызметкерлердің жауапкершілігі деп бөлуге болады. 
Кəсіпорындар еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз 
етпегені үшін жəне еңбекті қорғау талаптарына жауап 
бермейтін, өндірістік мақсаттағы өнімді шығарғаны жəне 
өндіргені үшін экономикалық жауапкершілікке тартылады. 
Еңбекті қорғау туралы заңдарды бұзушылықтарды қадағалау 
жəне бақылау органдары анықтаған кезде, кəсіпорындар өздерінің 
қаражаты есебінен еңбекті қорғау қорларына Қазақстан 
Республикасының заңдарында анықталған тəртіпте жəне мөлшерде 
айыппұл төлейді. 
Еңбекті қорғау талаптарына жауап бермейтін жаңа 
техниканы, технологияларды, өндірістік объектілерді жасаған 
жəне/немесе дайындаған кəсіпорындар да экономикалық жауапкершілікке 
тартылады жəне əлеуметтік сақтандыру органдарына жəне 
тұтынушыларға осы құқық бұзушылықтарды жоюға қатысты, 
сонымен қатар, қайғылы оқиғаның жəне кəсіптік аурудың 
нəтижесінде жəбірленгендерге өтемақы төлеумен қатысты 
шығындарды өтейді. Шығындардың мөлшерін арбитраждық сот 
белгіленген тəртіп бойынша анықтайды жəне өндіреді. 
Еңбекті қорғау талаптары мен нормаларын бұза отырып, жаңа 
технологиялар мен өндіріс құралдарының жобаларын жасаған жəне 
оларды енгізуді талап еткен ғылыми-зерттеу жəне жобалау-


құрастыру 
ұйымдары 
тапсырыс 
берушіге 
осы 
құқық 
бұзушылықтарды жоюға қатысты келтірілген шығындарды өтеуге 
міндетті. Шығындардың мөлшерін арбитраждық сот белгіленген 
тəртіп бойынша анықтайды жəне өндіреді. 
Егер 
бұлар 
еңбекті 
қорғауға 
қатысты 
нормалардың, 
стандарттардың жəне ережелердің талаптарына қайшы келсе, 
өнімдерді өндіру, жарнамалау жəне сату, соның ішінде 
шетелдерден əкелінген өнімдерді жарнамалау жəне сату заңсыз 
болып табылады. Кəсіпорынның мұндай қызметтің нəтижесінде 
тапқан пайдасы еңбекті қорғау қорына алып қойылады. 
Кəсіпорындар өндірісте жапа шеккен қызметкерлердің немесе 
қызметкерлер қайтыс болған жағдайда олардың жақын 
туыстарының алдында материалдық жауапкершілікте болады. 
Өндірістегі қайғылы оқиғаның немесе кəсіптік аурудың 
нəтижесінде еңбекке қабілетін толығымен немесе ішінара 
жоғалтқан қызметкерге немесе оның жақын туыстарына кəсіпорын 
не оның құқықмирасқоры бір жолғы жəрдемақы төлейді жəне 
заңдарда белгіленген тəртіпте жəне мөлшерде қызметкердің 
өміріне не денсаулығына келтірілген зиянды өтейді. 
Бір жолғы жəрдемақының мөлшері ұжымдық шартпен жəне 
Қазақстан Республикасының заңдарымен анықталады жəне 
мыналардан кем болмауы тиіс: 
- өндірістегі қайғылы оқиғаның немесе кəсіптік аурудың 
салдарынан қайтыс қайтыс болған қызметкердің жылдық 
жалақысының он еселік мөлшерінен; 
- еңбектегі жарақаты немесе кəсіптік ауруы салдарынан бірінші 
не екінші топ мүгедегі ретінде танылған қызметкердің жылдық 
жалақысының бес еселік мөлшерінен; 
- еңбектегі жарақаты немесе кəсіптік ауруы салдарынан үшінші 
топ 
мүгедегі 
ретінде 
танылған 
қызметкердің 
жылдық 
жалақысының екі еселік мөлшерінен; 
- еңбекке қабілеттігі толығымен жоғалды деп танылған жəне
оған қатысты мүгедектік тобы тағайындалмаған қызметкердің 
жылдық жалақысы мөлшерінен. 
Жылдық 
жалақыны 
есептеу 
тəртібін 
Қазақстан 
Республикасының Үкімет анықтайды. 
Егер қызметкер емдеу жəне əлеуметтік шараларды қажет етсе, 
кəсіпорын жəбірленген қызметкерге емделуге, протездеуге жəне 
медициналық жəне əлеуметтік көмектің өзге де түрлеріне қатысты 


шығындарды өтейді. Қажет болған жағдайда кəсіпорын 
медициналық қорытындыға сəйкес жəбірленген қызметкердің 
кəсіби сауығуын, қайта дайындықтан өтуін жəне жұмысқа 
орналасуын қамтамасыз етеді немесе осы мақсаттарға кеткен 
шығындарды өтейді. 
Еңбекті қорғау нормаларының талаптарын бұзғаны үшін кінəлі 
немесе қадағалау жəне бақылау органдарының қызметіне кедергі 
жасаған лауазымды тұлғалар заңдарда белгіленген тəртіп 
бойынша əкімшілік, тəртіптік, материалдық немесе қылмыстық 
жауапкершілікке тартылады. 
Қызметкерлер де еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік 
құқықтық актілерді бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының 
заңдарына сəйкес жауапкершілікке тартылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет