Еңбек дауларын не арнайы уəкілетті органдар, не
еңбек
дауларын шешу міндетіне жəне осы үшін белгілі бір өкілеттіктерге
ие соттар қарастырады.
Еңбек дауларын қарастыратын органдарға мыналар жатады:
- басшылық жəне/немесе кəсіподақ органы (еңбектің жеке
жағдайларын белгілеу немесе өзгерту туралы);
- келісім комиссиялары (тараптардың келісімі бойынша);
- бітімгершілік комиссиялары жəне еңбек арбитраждары (еңбек
жəне тұрмыстың жағдайларын өзгертуге жəне жаңа жағдайларды
белгілеуге, ұжымдық шарттарды жəне өзге де келісімдерді бекітуге
жəне орындауға байланысты);
- жоғары тұрған ұйым;
- сот.
Органның құзыреті – бұл органның құқықтары мен
міндеттерінің, еңбек даулары саласындағы функцияларының, яғни,
өкілеттіктерінің жиынтығы. Органның құзыретіне оның еңбек
дауын өз қарауына алу құқығы да, осы дауды қарау өкілеттіктері де
жəне шешім шығару құқығы да жатады.
Бұл жерде органның
құқықтары бір мезетте оның міндеттері де болып табылады.
Мысалы, еңбек дауын қарастыру тиісті органның құқығы əрі
міндеті
болып
табылады.
Сондықтан,
еңбек
дауларын
қарастыратын органның өтінішті қабылдаудан немесе еңбек дауын
қарастырудан бас тартуға құқығы жоқ.
Ведомстволық – бұл нақты бір еңбек дауының қандай уəкілетті
органда қарастырылатынын анықтау. Ол еңбек дауының
субъектілер тобы бойынша (жеке немесе ұжымдық) жəне мазмұны
бойынша (еңбек жағдайын белгілеу немесе оларды қолдану)
анықталады. Əрбір орган тек өзіне ведомстволық тұрғыдан тиесілі
дауларды қарастырады. Сол себепті, еңбек дауын қарастыру
жөнінде шағымданбастан бұрын қай органға талап-арызды немесе өтінішті
беруді анықтап алған жөн. Мысалы,
сот тек талап-арыздық еңбек
дауларын қарастыруға құзыретті, ол талап-арыздық емес сипаттағы
дауларды қарастырмайды. Яғни, талап-арыздық емес сипаттағы
даулар
соттың
ведомстволығына
жатпайды,
келісім
комиссияларында қарастырылады. Ал келісім комиссияларында
келісімге келмеген жағдайда еңбек арбитражында қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: