Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7



Pdf көрінісі
бет2/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПƏНІ
 
ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 2-бабы 
1. Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдары 
Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді 
жəне осы Заң мен қызметкерлердің жекелеген санаттарының 
еңбек қатынастарын реттейтін, нормалары осы Заңның 
нормаларынан төмен бола алмайтын өзге де нормативтік 
құқықтық актілерден тұрады. 
2. Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттардың осы 
Заңның жəне еңбек туралы өзге де нормативтік құқықтық актілердің 
алдында артықшылығы бар жəне халықаралық шарт бойынша оны 
қолдану Қазақстан Республикасының заңы шығарылуы талап етілген 
жағдайларды қоспағанда, олар тікелей қолданылады. 

Қазақстан Республикасының Конституциясына сəйкес адамның 


жəне азаматтың маңызды құқықтары мен бостандықтарының 
қатарына ҚР «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» 
заңында бұл заңның реттейтіні тура аталып көрсетілген. 
Қазақстан Республикасының Конституциясына сəйкес əркімнің 
еңбек ету бостандығына, қызмет пен кəсіп түрін еркін таңдауына 
құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше 
жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі. Əркімнің 
қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, 
еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ 
жұмыссыздықтан əлеуметтік қорғалуға құқығы бар (ҚР 
Конституциясының 24-бабы). 
ҚР «Еңбек туралы» заңында осы заңның «Қазақстан 
Республикасындағы азаматтардың еңбек бостандығына қатысты 
конституциялық құқығын жүзеге асыру барысында туындайтын 
еңбек қатынастарын реттейтіні» көрсетілген. 
Қазақстан Республикасындағы еңбек бостандығына қатысты 
конституциялық құқық, ең алдымен, əрбір адамның өзінің жұмыс 
күшін (немесе еңбекке қабілетін) өзі дербес жұмсауынан, 
мүдделеріне, кəсіби дайындығына, өзінің мүмкіндіктері мен 
қалауына қарай кəсіп түрі мен қызмет түрін еркін таңдау 


құқығынан көрініс табады. Қазақстан Республикасының əрбір 
азаматы кез келген нысандағы ұйымдарда жалданбалы жұмыс 
істеуге, кəсіпкерлік қызметпен айналысуға, мемлекеттік, əскери 
немесе кез келген өзге де қызметпен айналысуға, заңды тұлғаны 
құрмастан жеке еңбек қызметімен айналысуға немесе ешқандай 
еңбек қызметімен айналыспауға құқылы. 
ҚР Конституциясының жəне ҚР «Еңбек туралы» заңының бұл 
ережелері Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1948 
жылғы 10-желтоқсанда бекіткен Адам құқықтары жалпы 
декларациясының жəне еңбек саласындағы бірқатар халықаралық-
құқықтық актілердің талаптарына сəйкес келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет