ұзақтығына қарамастан, жұмыс берушінің қаражаты есебінен
жүктілігіне жəне босануы бойынша осы кезеңге төленген
жəрдемақыны босанғанға дейін нақты пайдаланған күндердің
санына қарамастан оған толық беріледі. Заңдарда босануға қатысты
белгіленген ерекше жеңілдіктер балаларды асырап алған əкелерге
де таралады. Осыған сəйкес жаңа туған нəрестелерді тікелей
перзентханадан асырап алған əйелдерге (еркектерге) бала асырап
алған күннен бастап, сəбидің дүниеге келген күнінен елу алты
күнге толғанға дейін кезеңге (ата-анасының біріне) демалыс
беріліп, оның ұйымда жұмыс істеу ұзақтығына қарамастан жұмыс
берушінің қаражаты есебінен оған осы кезеңге жəрдемақы
төленеді;
в) жүктілігі мен босануы бойынша демалыстан басқа əйелге
оның өтініші бойынша баласы бір жарым жасқа толғанға дейін
оған күтім жасау жөнінде жалақысы сақталмайтын қосымша
демалыс беріледі. Қосымша демалыс уақыты ішінде оның жұмыс
орны (қызметі) сақталады. Жаңа туған нəрестелерді тікелей
перзентханадан асырап алған əйелдердің (еркектердің) өтініші
бойынша сəби бір жарым жасқа толғанға дейін оған күтім
жасау үшін жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс беріліп,
осы кезеңде оның жұмыс орны (қызметі) сақталады. Бұл
демалыстың сəби бір жарым жасқа
толғанға дейін кез келген
уақытта толық немесе бөліп пайдаланылуы мүмкін.
18 жасқа толмаған тұлғалардың еңбегін қорғауға қатысты
ерешке шаралар. Бұл ретте 18 жасқа толмаған тұлғалар үшін
жұмыс уақытына, жұмыс режиміне, зиянды, ауыр жəне қауіпті
еңбек жағдайларынан қорғануға қатысты жеңілдіктер мəселесі
қозғалмақ. Мемлекеттің мұндай қолдауы жастарға жұмысты өзін-
өзі дамытумен үйлестіруге жəне өсіп келе жатқан ағзаны жəне
психикасын сау күйінде сақтауға мүмкіндік береді.
18 жасқа толмаған тұлғалардың еңбегін қорғауға қатысты
ерекше шаралардың мазмұны мыналардан тұрады:
1) Ауыр дене жұмыстарына жəне зиянды жəне (немесе) қауіпті
еңбек жағдайларына 18 жасқа толмаған
тұлғаларды қабылдауға
жол берілмейді;
2) Жастарды жұмысқа алу шектелген. ҚР «Еңбек туралы» заңы
жастарды 16 жастан бастап жұмысқа қабылдауға рұқсат етеді.
Орта білім алған не жалпы білім беретін оқу орнын тастап
кеткен жағдайда он бес жасқа толған адамдар ата-анасының немесе
қорғаншысының, қамқоршысының келісімімен жеке еңбек шартын
жасаса алады.
Ата-анасының бірінің (қорғаншысының, қамқоршысының)
келісімімен жеке еңбек шарты оқудан бос уақытында
денсаулығына зиян келтірмейтін жəне оқу процесін бұзбайтын
жұмысты орындау үшін он төрт жасқа толған оқушымен жасалуы
мүмкін;
3) Кəмелетке толмаған қызметкерлер үшін еңбекақысы толық
уақыт ретіндегідей саналатын қысқартылған жұмыс уақыты
көзделген. Бұл дегеніміз, мысалы, кəмелетке
толмағандардың
жұмыс күні 2 сағатқа қысқа болады, алайда олар жалақыны
кəмелетке толған қызметкерлермен бірдей алады;
4) Заңдар 18 жасқа толмаған тұлғаларды түнгі уақыттағы
жұмысқа, мерзімнен тыс жұмыстарға тартуға тыйым салады;
5) Кəмелетке толмаған қызметкерлер үшін ауыр заттарды
қолмен көтеруге жəне қозғалтуға шек қойылған. Басшылық мұндай
жұмыстарда жүктерді тасымалдау үшін механикаландыру жəне
автоматтандыру құралдарын немесе өзге де құрылғыларды
қолдануды көздеуге міндетті. Егер затты көтеру жəне қозғалту
кезінде зиян келуі мүмкін болса,
затты қолмен көтеруге тыйым
салынады.
Сонымен, мемлекет 18 жасқа толмаған тұлғалар үшін еңбек
жеңілдіктерін заңнамалық тұрғыда бекіткен, осы арқылы олардың
еңбек жағдайы жеңілдетілген. Жасөспірімдердің əлі де дамып-өсіп
келе жатқан ағзасы өндірістік зияндардан қорғалып, оларға жұмыс
пен оқуды үйлестіруге, біліктілігін көтеруге, өз тұлғасын дамытуға
мүмкіндік берілген.
Сонымен қатар, барлық əйелдер жəне 18 жасқа толмаған
тұлғалар жұмысқа тек алдын-ала медициналық тексеруден өткен
соң ғана қабылданады, ал кейін əйел 45 жасқа
толған соң, ал
кəмелетке толмағандар – 18 жасқа толған соң жыл сайын міндетті
медициналық тексеруден өтуге міндетті.
Қызметкерлердің еңбекті қорғауға құқығының кепілдіктері.
Мемлекет еңбекті қорғауға құқықты кепілдейді. Ең басты кепілдік
қабылданған шаралардың нəтижесінде өндірісте еңбекті қорғаудың
жоспарлы түрде үздіксіз, тұрақты түрде жақсаруы тиіс екендігінен
көрініс табады.
ҚР «Еңбекті қорғау туралы» заңының 18-бабы қызметкерлердің
еңбекті қорғауға қатысты келесі кепілдіктерін бекіткен:
Жеке еңбек шартының ережелері еңбекті қорғау туралы
нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сəйкес болуы тиіс.
Оларға денсаулығы бойынша тыйым салынған жұмыстарға
азаматтарды қабылдауға тыйым салынады.
Жеке еңбек шартында жұмыс орнының шынайы сипаттамасы
берілуі тиіс, соның ішінде, қауіпті жəне зиянды өндірістік
факторлар аталып, заңдарда жəне ұжымдық шарттарда көзделген
мұндай жағдайларға қатысты
жеңілдіктер мен өтемақылар
көрсетілуі тиіс.
Зиянды жəне қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмысқа
қызметкерді қабылдау кезінде басшылық оны кəсіптік аурудың
туындауы мүмкін мерзім туралы ескертуге міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: