— меншiк иесінің немесе ол уəкілдік берген өкілдің (одан əpi —
жұмыс беруші) толық жауаптылығына;
— еңбекті қopғay міндеттерін бұл мəселелер жөніндегі
мемлекеттік бағдарламалар негізінде кешенді шешуге жəне еңбекті
қорғау саласындағы қызметті экономикалық жəне əлеуметтік
саясаттың басқа бағыттарымен үйлестіруге;
— барлық кəсіпорындарға меншік пен шаруашылықты жүргізу
түрлеріне қарамастан еңбекті қopғay
саласында бірыңғай талап
орнатуға;
— кəсіпорындарда еңбек қopғay талаптары мен қауіпсіздік
техникасының барлық жерде орындалуы үшін мемлекеттік
қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруға;
— еңбекті
қopғay жөніндегі ғылымның, техниканың
жетістіктері мен ұлттық жəне шетелдік озық тəжірибені кеңінен
пайдалануға;
— қауіпсіз техника, технология мен жұмыс істеушілерді қорғау
құралдарын,
еңбекті
қopғay
жөніндегі
ғылыми-зерттеу
жұмыстарын əзірлеу мен енгізуді ынталандыруға;
— мемлекеттің еңбекті қорғауды қаржыландыруға қатысуына;
— кəсіпорындардың еңбектің салауатты жəне
қауіпсіз
жағдайларын қамтамасыз етуге, ал қызметкерлердің — еңбекті
қорғау жəне қауіпсіздік техникасы ережелері мен нормаларын
сақтауға экономикалық мүдделілігіне;
— кəсіпорынның қызметін
еңбекті қорғау тұрғысынан
лицензиялауға;
— өндірістік мақсатқа қолданылатын өнімнің қауіпсіздік
талаптарына сəйкестігін сертификаттауды өткізуге;
— мемлекеттік сараптама органдарының тікелей жұмыс
орындарындағы
еңбек жағдайларын, сондай-ақ жаңа салынатын
жəне қайта жаңғыртылатын кəсіпорындардың жобаларындағы
өндірістің қауіптілігі мен зияндылығын бағалауға;
— меншік иесінің қаржысы есебінен қызметкерлерді
арнаулы киіммен
жəне аяқ киіммен, жеке қорғану құралдарымен, емдеу - алдын алу
тамағымен қамтамасыз етуге;
— өндірістегі əрбір жазатайым жағдайды жəне əрбір кəсіби
ауруды тексеру мен есепке алудың міндеттілігі, өндірістік
жарақаттың, кəсіби аурудың деңгейі туралы жəне еңбекті қopғayды
жақсарту
жөніндегі
шаралар
туралы
қызметкерлердің
хабардарлығын қамтамасыз етуге;
— өндірістегі жазатайым жағдайда немесе кəсіби
аурудан
зардап шеккен қызметкерлердің мүдделерін əлеуметтік қopғayғa;
— жоғары жəне арнаулы орта оқу орындарында еңбекті қopғay
мен қауіпсіздік техникасы жөнінде мамандар даярлауға;
— еңбекшілердің, жұмыс берушілердің өкілетті ұйымдарының,
қоғамдық бірлестіктердің, кəсіпорындар мен жеке адамдардың
еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған қызметін барынша
қолдауға;
— еңбекті қopғay проблемаларын
шешуде халықаралық
ынтымақтастыққа негізделеді.
Достарыңызбен бөлісу: