Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


 бап. Мемлекеттік қадағалау жəне бақылау органдарының



Pdf көрінісі
бет216/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

 
9 бап. Мемлекеттік қадағалау жəне бақылау органдарының 
негізгі құқықтары
Мемлекеттік қадағалау жəне бақылау органдары, олардың 
уəкілдік берілген лауазымды адамдары өз қызметінде жұмыс 
берушілерге, шаруашылық органдарына, қоғамдық бірлестіктерге
жергілікті мемлекеттік өкімет пен басқару органдарына тəуелсіз 
Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тəртіппен 
бекітілген ережелерге сəйкес қызмет етеді;
Мемлекеттік қадағалау жəне бақылау органының уəкілдік 
берілген адамы:
— меншік пен шаруашылықты жүргізу түрлеріне қарамастан 
кəсіпорындарға бөгетсіз, алдын ала ескертусіз жəне кез келген 
уақытта баруға, министрліктерден, басқа да орталық жəне 


жергілікті мемлекеттік басқару органдарынан, кəсіпорындардан, 
жұмыс берушілерден қажетті ақпарат aлyғa;
— кəсіпорындардың басшылары мен басқа да лауазымды 
адамдарына міндетті тұрде орындалуға тиісті бұйрықтар беруге;
— кəсіпорындарды, жекелеген өндірістерді, цехтарды, 
учаскелерді, жұмыс орындарын жəне жабдықтарды пайдалануды 
тоқтата тұруға (тыйым салуға);
— кəсіпорындардың басшыларына, лауазымды адамдарына, 
жұмысшыларына еңбекті қорғау жөніндегі заңдар мен басқа да 
нормативтік актілерді бұзғаны үшін айыппұл салуға, аталған 
адамдарды атқаратын қызметінен босату жөнінде ұсыныс жасауға 
қажетті жағдайларда оларды қылмыстық жауапқа тарту туралы 
мəселені шешу үшін материалдарды прокуратура органдарына 
беруге қақылы.
Жұмыс беруші мемлекеттік қадағалау жəне бақылау органдары 
өкідерінің жүктелген міндеттерді орындауы үшін барлық қажетті 
жағдайларды жасауды қамтамасыз етеді. 
Мемлекеттік қадағалау жəне бақылау органдарының уəкілдік 
берілген лауазымды адамдары өкілеттігін артық пайдаланғаны 
жəне 
негізсіз 
санкциялар 
қолданғаны 
үшін 
Қазақстан 
Республикасының заңдарына сəйкес жауапты болады.
Шағын кəсіпкерлік субъектісінің қызметіне сот шешімінсіз 
тыйым салуға немесе оны тоқтата тұруға бақылау жəне қадағалау 
міндеттерін жүзеге асырушы мемлекеттік органдарға, олардың 
уəкілетті лауазымды адамдарына авариялық жағдайлар пайда 
болған, қызметкерлердің өмipi мен денсаулығына тікелей анық 
қауіп төнген ерекше жағдайларда талап арызды 3 күннен аспайтын 
мерзімде сотқа табыс ету міндеттеліп, аталған мерзімге рұқсат 
етіледі Бұл орайда қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата 
тұру туралы акт сот шешімі шыққанға дейін қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет