Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


бап. Кəсіптік одақтар өз қаражаты жəне сырттан



Pdf көрінісі
бет209/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

16 бап. Кəсіптік одақтар өз қаражаты жəне сырттан 
тартылған қаражат есебінен кəсіподақтардың жарғылық 
міндеттері мен мақсаттарын жүзеге асырудан туындайтын 
шараларды 
қаржыландыруға 
арналған 
əлеуметтік-
экономикалық мақсаттағы ақша қорларын құра алады. 


17 бап. Мемлекеттің əлеуметтік-экономикалық саясатын 
қалыптастыруға кəсіподақтардың қатысуы
Кəсіптік одақтар жұмыссыздыққа қарсы күрес жəне жұмыспен 
қамтуды қамтамасыз ету, босап қалған қызметкерлерді қорғау 
бағдарламаларын, күнкөріс минимумын белгілеу жəне оны сақтау, 
табыстарды 
индекстеу, 
жалақының, 
зейнетақылардың, 
стипендиялардың жəне жəрдемақылардың ең төмен деңгейін 
арттыру жөніндегі шараларды қоса алғанда, өз мүшелерін 
əлеуметтік жəне экономикалық жағынан қорғау жөніндегі 
жоспарлар мен бағдарламаларды əзірлейді, оларды тиісті 
мемлекеттік органдарға ұсыныстар ретінде енгізеді.
18 бап. Кəсіптік одақтар қызметінің кепілдігі 
Мемлекет кəсіподақтарға берілген құқықтapдың сақталуын 
қамтамасыз етеді жəне олардың жарғылық міндеттерін орындауына 
жағдай жасауға кепілдік береді.
Кəсіподақтарды қандай да бір органдар мен ұйымдарға тікелей 
немесе жанама бағындыруды немесе оның құқықтарын шектеуді 
мақсат ететін, сондай-ақ кəсіподақтардың заңда жəне жарғыда (өзге 
негізгі құжаттарда) көзделген қызметіне кедергі жасайтын кез 
келген əрекетке тыйым салынады.
Мемлекеттік басқару органдары кəсіптік органдарына өз 
мүшелерінің құқықтарын қорғауға байланысты мəселелер бойынша 
хабарлама беруге міндетті. 
19 бап. Сайланбалы кəсіподақ қызметкерлеріне берілетін 
кепілдіктер
Сайланбалы кəсіподақ қызметкерлерін, кəсіпорын толық 
таратылған реттерді қоспағанда, əкімшіліктің бастамасымен 
жұмыстан шығаруға, сондай-ақ олар мүшелері болып табылатын 
кəсіподақ opraнының алдын-ала келісімінсіз тəртіптік жазаға 
тартуға немесе басқа жұмысқа ауыстыруға болмайды.
Кəсіподақ органдарының құрамына сайланған қызметкерлерді 
сайланған өкілеттігі біткеннен кейін eкi жыл ішінде əкімшіліктің 
бастамасымен жұмыстан шығаруға жол берілмейді, бұған 
кəсіпорын толық таратылған немесе қызметкер заң бойынша 
жұмыстан шығарылуы мүмкін болатындай кінəлі ic-əрекет жасаған 
реттер қосылмайды. Мұндай реттерде жұмыстан шығару осы 
баптың бірінші бөлігінде белгіленген тəртіп бойынша жүргізіледі.


Сайланбалы кəсіподақ органдарының мүшелері өз мүшелерінің 
мүдделерін көздеп қоғамдық міндеттерді орындау үшін кəсіподақ 
оқуына, кəсіподақтар шақыратын съездерге, конференцияларға 
делегат ретінде қатысқан, сондай-ақ олардың пленумдарының
төралқаларының жұмысына қатысқан кезінде өндірістік жұмыстан 
босатылады. Жұмыстан босату шарттары мен ақы төлеу 
тəртібі ұжымдық шарттар мен келісімдерде көзделеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет