ІІІ. Ғаламдық баяндама
А. Қолданудың мақсаты жəне өрісі
1. Бұл баяндаманың мақсаты негізге алынатын қағидалар мен
құқықтардың əрбір санаты үшін алдағы төрт жылдық кезеңдегі
оның динамикасына жалпы түсінік беру жəне
Ұйым көрсеткен
көмектің
тиімділігін
бағалау
үшін
жəне
техникалық
ынтымақтастық жөніндегі шаралар жоспарларын орындаудағыны
атап айтқанда олардың орындалуы үшін қажетті ішкі жəне сыртқы
ресурстар тартудағы басым бағытты анықтау үшін негіз құру.
2. Баяндама жыл сайын негізге алынатын қағидалар мен
құқықтардың төрт санатының біреуін
реттілігіне қарай қамтып
отырады.
В. Дайындау жəне талқылау тəртібі
1. Жауапкершілігі Бас директорға жүктелген бұл баяндама
ресми ақпарат немесе белгіленген рəсімге сəйкес жиналып
бағаланған ақпарат негізінде дайындалады.
Негізге алынатын
Конвенцияларды бекітпеген мемлекеттерге қатысты бұл баяндама
жоғары көрсетілген жыл сайынғы шараларды жүзеге асыру
барысында алынған нəтижелерге тіреледі.
Тиісті Конвенцияларды
бекіткен мемлекеттерге қатысты баяндама Жарғының 22 бабына
сəйкес қаралған баяндамаларға негізделеді.
2. Бұл баяндама Бас директордың баяндамасы ретінде үш жақты
талқылауға Конференцияға ұсынылады. Конференция бұл
баяндаманы өз Регламентінің 12 бабына сəйкес ұсынылған
баяндамалардан басқа тəртіпте талқылай алады.
Сонан соң
əкімшілік кеңесі өзінің жақын арадағы сессиясында осы
талқылаудың негізінде техникалық ынтымақтастық жөніндегі
шаралардың жоспарына
қатысты қорытынды дайындайды, ал
жоспарлар алдағы төрт жыл бойы іске асырылуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: