Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


Еңбек көші-қоны жəне еңбекші- мигранттарды



Pdf көрінісі
бет253/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

13. Еңбек көші-қоны жəне еңбекші- мигранттарды 
əлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы
КЕЛІСІМ ( 1994 жылы 15 сəуірде Москва қаласында қол 
қойылды) 
Осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің Үкіметтері, ары 
қарай Тараптар деп аталып, экономикалық одақ құру туралы 
шарттың ережелерін негізге алып, БҰҰ-ның адам құқықтары 
саласындағы негізге алынатын құжаттарына жəне Халықаралық 
Еңбек Ұйымы шеңберінде жасалған принциптерге бой 
ұсынатындығын білдіріп, Тараптар мемлекеттері арасында еңбек 
көші-қонының маңызын жəне масштабын ұғынып, осы Келісімге 
қатысушы мемлекеттер арасында Тараптар мемлекеттерінің 
аумағында еңбек қызметі мен еңбекші- мигранттарды қорғау 
саласында ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға ұмтылып, 
мынаған келісті: 
 


1 бап.
Осы Келісім Тараптар мемлекеттерінің біреуінің аумағында 
тұрақты жəне өз еңбек қызметін басқа Тараптар мемлекеттерінің 
аумағында меншіктің барлық формасындағы кəсіпорындарда, 
мекемелерде, ұйымдарда ( ары қарай – жұмыс беруші немесе 
жолдаушы) еңбекке орналасқан Тараптың заңнамасына сəйкес 
жүзеге асыратын адамдардың (ары қарай – қызметкерлер) жəне 
олардың отбасы мүшелерінің еңбек қызметі жəне əлеуметтік 
қорғалуы саласында Тараптардың ынтымақтастығының негігі 
бағыттарын реттейді.
Бұл келісім: 
– босқындарға жəне лажсыз қоныс аударғандарға; 
– қысқа мерзімге шыққан еркін кəсіптердің иелеріне жəне 
артистерге; 
– білім алу мақсатында арнайы келген адамдарға 
қолданылмайды.
2 бап. 
Осы Келісімде қолданылатын терминдерде мынадай мағына 
бар: 
„еңбекші-мигрант ( немесе қызметкер)” – өзі шыққан Тараптың 
аумағында тұрақты тұратын, еңбекке орналасқан Тарапта ақылы 
қызметпен заңды негізде айналысатын адам; 
„отбасы мүшелері” – еңбекші-мигрантпен некеде тұратын адам, 
сондай-ақ оның асырауындағы балалар жəне еңбекке орналасқан 
Тараптың қолданылып жүрген заңнамасына сəйкес отбасы 
мүшелері деп танылатын басқа да адамдар; 
„жұмыс беруші (жалдаушы)” – жұмысқа орналасатын Тараптың 
жұмыс беретін кəсіпорыны, мекемесі, ұйымы, оның қандай меншік
формасында жəне қай ведмствоға бағынатынына қарамастан; 
„шыққан Тарабы”– жұмыс алу үшін басқа мемлекетке қоныс
аударғанда еңбекші мигранттың аумағында тұрақты мекен-жайы 
бар мемлекет; 
„еңбекке орналасу Тарабы” – басқа мемлекеттен келген 
еңбекші-мигранттың аумағында өз еңбек шартының (контрактың) 
жағдайлары бойынша жүзеге асыратын мемлекет; 
„өкілетті органдар” – Тараптардың құзіретіне осы Келісімді 
жүзеге асыру мəселелерін шешу міндеті кіретін орган.
„еңбек жағдайлары” – еңбек процесінде адамның денсаулығына 
жəне еңбек қабілетіне əсер тигізетін өндірістік ортадағы факторлар 


жиынтығы, сондай-ақ жұмыс уақыты мен демалыс уақытының 
белгіленген ұзақтығы, еңбекке орналасқан Тараптың еңбек туралы 
заңнамасына сəйкес демалыстар беру еңбекақы төлеу.
3 бап. 
Қызметкерлердің жұмысқа тарту тəртібін, олардың біліктілігіне 
жəне жасына қойылатын жəне басқа да талаптарды, егер екіжақты 
келісімдерде басқадай көзделмеген болса, еңбекке орналастырушы 
Тарап өз аумағында қолданылатын заңнамаға сүйеніп белгілейді.
Жұмысқа қабылданатын адамдар саны екіжақты келісімдер 
негізінде анықталады.
4 бап. 
Тараптардың 
əрқайсысы 
дипломдарды, 
білімі 
туралы 
куəліктерді, атақ, разряд, біліктілік берілгендігі туралы тиісті 
құжаттарды жəне еңбек қызметін жүзеге асыру үшін қажетті жəне 
шыққан Тараптың аумағында белгіленген тəртіпте еңбекке 
орналасатын Тараптың мемлекеттік тіліне немесе орыс тіліне 
аударылған басқа да құжаттарды мойындайды (ресімдеусіз).
Еңбек өтіліп, оның ішінде жеңілдік негіздегі жəне мамандығы 
бойынша стаждарды Тараптар өзара мойындайды. Еңбекші-
мигрант жұмысқа орналасқан Тараптан біржола кеткенде жұмыс 
беруші (жалдаушы) оған қанша уақыт жұмыс істегендігі жəне айсайындығы 
еңбекақысы туралы деректер келтірілген анықтама немесе басқа 
құжат береді.
5 бап. 
Қызметкерлердің еңбекке орналасатын Тараптың аумағында 
кіру, онда болуы жəне одан кетуі сол аумақтағы күшіндегі 
заңнамаға жəне Тараптар, егер еңбекші-мигрант жұмысқа 
орналасқан Тараптың заңдарын жəне шетел азаматтарының онда 
болу ережелерін бұзса, еңбек қатынастарын мерзімінен бұрын 
тоқтатып, оның шыққан Тарапқа қайтару туралы талап қоя алады.
6 бап. 
Қызметкердің еңбек қызметі еңбекке орналасқан Тараптың 
еңбек заңнамасына сəйкес, еңбекке орналасатын Тараптың 
мелекеттік тілінде жəне орыс тілінде жұмыс берушімен жасалған 
еңбек шартымен (контрактпен) ресімделеді, қызметкерге ол 
жұмысқа жүрер алдында тапсырылады.
Еңбек шартында (контрактпен) жұмыс беруші мен қызметкердің 
негізгі реквизиттері, қызметкерге қойылатын кəсіби талаптар, 
жұмыстың сипаты, еңбектің жағдайлары мен оған ақы төлеу, 


жұмыс күні мен демалыстың ұзақтығы, тұру жағдайлары, сондай-
ақ еңбек шартының күшінде болу мерзімі, оны бұзудың 
жағдайлары, көлік шығындарын жабу тəртібі туралы деректер 
болуы тиіс.
Қызметкер еңбекке орналасатын Тараптың еңбек заңнамасында 
белгіленген 
құқықтарды 
пайдаланады 
жəне 
міндеттерді 
орындайды.
Егер еңбек шарты (контракт) кəсіпорынның (мекеменің, 
ұйымның) таратылуына немесе қайта ұйымдастырылуына, 
қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына 
байланысты бұзылса, еңбекке орналасқан Тараптың заңнамасына 
сəйкес осы көрсетілген негіздерде босаған қызметкерлер үшін 
белгіленген жеңілдіктер мен өтемақылар еңбекші-мигрантқа да 
таралады. Бұл жағдайда еңбекші-мигрант жұмыс берушінің 
(жалдаушының) қаражаты есебінен өзінің шыққан Тарапына 
қайтарылуға жатады.
Еңбек шарты (контракт) бір жұмыс берушіден (жалдаушыдан) 
екіншісіне берілуге тиіс емес.
7 бап. 
Қызметкерлердің еңбек табысына салық салуды еңбекке 
орналастырған Тарап өз заңнамасында белгіленген тəртіпте жəне 
мөлшерде жүзеге асырады. Қызметкерлер таққан қаражат Тараптар 
екі қайтара салық салынуына жол бермейді.
8 бап. 
Қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері Тараптардың 
күшіндегі Заңнамасын немесе екіжақты келісімдерге сəйкес жеке 
мүліктерін алып келуге жəне алып шығуға құқылы.
9 бап. 
Қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін зейнетақымен 
қамтамасыз ету мəселесі 1992 жылғы 13 наурыздағы Тəуелсіз 
Мемлекеттер 
Достастығына 
қатысушы 
мемлекеттер 
азаматтарының зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы 
құқықтарына кепілдіктер туралы Келісіммен немесе екіжақты 
келісімдермен реттеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет