Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


қауіпсіздігі не көліктегі жүріс қауіпсіздігі ережелерін бұзуы



Pdf көрінісі
бет82/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

қауіпсіздігі не көліктегі жүріс қауіпсіздігі ережелерін бұзуы да 
табылады. Алайда, қызметкерді еңбек қорғау немесе өрт 
қауіпсіздігі ережелерін бұзудың кез келген түрі үшін емес, 
тек ауыр зардаптарға əкеп соғуы немесе əкеп соғу 
мүмкіндігі болғанда ғана жұмыстан босатуға болады. 
Еңбекті қорғау жəне өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау жеке 
еңбек шартының бір ережесі болып табылады. Бұл ретте мына 
жағдайды ескерген жөн, жұмыс беруші қызметкер үшін еңбекті 
қорғау жөніндегі белгіленген стандарттарға, ережелерге жəне 
нормативтерге сəйкес қалыпты жəне қауіпсіз еңбек жағдайларын 
қамтамасыз етуге міндетті, алайда сонымен қатар еңбекті қорғау 
жəне өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына қадағалау мен 
бақылауды қамтамасыз етуге міндетті. Ұжымдық немесе жеке 
еңбек шартының бұл ережесін бұзғаны үшін кінəлі лауазымды 
тұлғалар да белгіленген тəртіп бойынша жауапкершілікте болады. 
Қызметкерлер тек ауыр зардаптарға əкеп соғуы немесе əкеп соғу 


мүмкіндігі болған еңбекті қорғау жəне өрт қауіпсіздігі ережелерін 
өрескел бұзғаны үшін жұмыс беруші өз бастамасымен оны осы 
негіз бойынша жұмыстан босатуға құқылы. 
Заңдар жұмыс орнында ұрлық (соның ішінде ұсақ заттарды) 
жасаған қызметкермен жұмыс берушінің жеке еңбек шартын бұзу 
құқығын көздейді. Ұсақ ұрлық ретінде құны 1 дəрежелі тарифтік 
ставканың айлық көлемінің 10-еселік мөлшерінен аспайтын ұрлық 
танылады. Бұл ретте қызметкердің қандай мүлікті (мемлекеттік 
немесе жеке меншік) ұрлағаны аса зор мəнге ие емес. Жұмыстан 
босатуға негіз болу үшін мұндай ұрлық соттың заңды күшіне енген 
үкімімен 
немесе 
қаулысымен 
дəлелденуі 
тиіс. 
Қалған 
дəлелдемелердің барлығы жұмыстан босатуға негіз бола алмайды. 
Егер қызметкер ұрлықты өз жұмыс орнында жасамай, басқа жеке 
немесе заңды тұлғалардың затын ұрласа, онда оны осы ұрлық үшін 
өз жұмысынан босатуға жол берілмейді. 
10) ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 26-бабының 10-тармағына 
сəйкес ақшалай немесе тауарлық құндылықтармен тікелей 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет