Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


еңбекке уақытша жарамсыздығы салдарынан



Pdf көрінісі
бет78/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

еңбекке уақытша жарамсыздығы салдарынан қызметкер 
жұмысқа ұзақ уақыт бойы келмеген жағдайда жеке еңбек шартын 
жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзуды көздеген. Бұл 
жерде ескеретін жайт, аталған жағдайда қызметкер өзінің 
кінəлі əрекеттері үшін емес, еңбекке қабілеттіктің ұзақ 
жоғалтуы үшін жұмыстан босатылады. Бұл мерзімге жүктілігі 
жəне босануы бойынша демалыстарда болған уақыт енбейді. 
Жеке еңбек шартын бұзудың негізі болып табылатын еңбекке 
уақытша жарамсыздықтың жалпы мерзімі заңдарда 2 ай деп 
белгіленген. Бұл ретте заңдар мынаны нақтыламайды: қызметкер 
еңбекке уақытша жарамсыздығы үшін жұмыста 2 ай қатарынан 
болмайды ма немесе бұл белгілі бір күнтізбелік кезең ішіндегі 
уақыттың жинағы ма. Алайда, ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 26-
бабы 4-тармағының мағынасына көз жүгіртсек, қызметкердің 
еңбекке уақытша жарамсыздығы 2 ай мерзімнен қатарынан аспауы 
тиіс. 
Бұл негіз бойынша қызметкерді жұмыстан босату жұмыс 
берушінің міндеті емес, құқығы болып табылады. Басқаша айтар 
болсақ, қызметкер еңбекке қабілетін жоғалтқаннан кейін 2 ай өткен 
соң, егер оның жұмыста болмауы ұйымның негізгі қызметіне кері 
əсер етсе жəне бұл қызметкердің орнына басқа қызметкерді 
ауыстыру қажеттігі туса, жұмыс беруші қызметкерді жұмыстан 
босату мəселесін қозғауы мүмкін. Егер бұл қызметкердің жұмыста 
болмауы 
өндірістің 
мүдделерін бұзбаса, 
жұмыс 
беруші 
қызметкердің лауазымын белгіленген 2 айдан астам мерзімге дейін 
де сақтауға немесе оған осы ұйымда басқа жұмысты ұсынуға 
құқылы. 
Жұмыс беруші қызметкерді бұл негіз бойынша қызметінен ол 
жазылып, жұмысқа шыққан кезде емес, тек ол ауырып жатқан 
кезде ғана босата алады. 
Егер қызметкер жазылып, жұмысқа ауырғанынан бері 2 ай 
өтпестен бұрын шықса, жұмыстан бұл негіз бойынша босату 
құқыққа қайшы болып табылады. 
Заңдарда белгілі бір аурумен ауырған кезде жұмыс орнының 
сақталуының бұдан ұзақ мерзімі де көзделген. Мысалы, 
туберкулезбен ауырған кезде дұмыс орны 12 айға дейін сақталады. 
Немесе қызметкердің бойында кəсіптік аурудың алғашқы белгілері 
байқалса, онда ҚР «Еңбекті қорғау туралы» заңының 21-бабының 


5-тармағына сəйкес жұмыс беруші медициналық қорытындыға 
сəйкес оны біліктілігін көтеру кезінде 12 айдан аспайтын мерзімге 
орташа айлық жалақысын сақтай отырып басқа жұмысқа 
ауыстыруы тиіс. Сонымен қатар, есте ұстайтын бір жайт, еңбектегі 
жарақаты немесе кəсіптік ауруы салдарынан еңбекке қабілетін 
жоғалтқан қызметкерлерді жұмыстан босатуға болмайды. Олардың 
еңбекке 
қабілеті 
қалпына 
келгенге 
немесе 
мүгедектігі 
белгіленгенге дейін жұмыс орны (лауазымы) сақталады. 
5) Жеке еңбек шартын бұзудың тағы бір негізі болып 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет