бұзушылықтарды
жасағаны анықталған жағдайда, бұл құқық
бұзушылықтардың олардың жұмысымен байланысы жоқ екеніне
қарамастан, ол қызметкерлерге қатысты сенімнің жоғалуы себепті
жұмыстан босатылуы мүмкін.
Соған
қарамастан,
бухгалтерлер,
тауар
мамандары,
экономистер,
бақылаушылар
жəне ақшалай немесе тауарлық
құндылықтарға тіды тікелей қызмет көрсетпейтін т.б. мамандар бұл
негіз бойынша жұмыстан босатылмайды.
11) ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 26-бабының 11-тармағына
сəйкес егер білім беру саласында тəрбиешілік міндетті атқарушы
қызметкер аталған жұмысты жалғастыруға сыйымсыз моральға жат
қылық жасаса, жеке еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасымен
бұзылуы мүмкін.
Басқаша айтар болсақ,
заңдар педагогикалық
қызметкерлерге ерекше талаптар қояды.
Бұл негіз бойынша жұмыстан босату тек білім беру саласында
тəрбиешілік функцияларды атқаратын қызметкерлерге таралады.
Мұндай тұлғалардың тізімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 3 қыркүйектегі № 1304 қаулысында берілген. Оларға
тəрбиешілік функцияларды атқаратын келесі тұлғалар жатады:
ұстаздар, оқу мекемелерінің оқытушылары, балалар ұйымдарының
тəрбиешілері, өндірістік білім беру шеберлері жəне т.б. Оқу жəне
тəрбиелеу
мекемелерінің
тəрбиешілік
қызметпен
тікелей
айналыспайтын өзге де қызметкерлерін жұмыстан босату жалпы
негіздер бойынша жүзеге асырылады. Басқаша айтар болсақ, оқу
жəне тəрбиелеу мекемелерінде жұмыс істейтін, бірақ тəрбиелеу
жұмысымен тікелей айналыспайтын қызметкерлер – ғылыми
қызметкерлер, əкімшілік-шаруашылық, инженерлік-техникалық
құрам қызметкерлері бұл негіз бойынша жұмыстан босатылмайды.
Үлкен энциклопедиялық сөздікке сəйкес моральға қайшы
əрекеттерге
қоғамдағы
жалпымен
танылған
жүріс-тұрыс
нормаларына, өнегелік қағидаларға жəне
моральдық ережелерге
қарсы жүріс-тұрыстар жатады. Бұл түсінік тек жұмыс орнында,
еңбек ұжымында тікелей істелетін əрекеттерді ғана емес, сонымен
қатар тұрмыстағы, қоғамдық жерлердегі əрекеттерді де қамтиды.
Мұндай əрекеттерге мыналар жатуы мүмкін: маскүнемдік, азғын
əрекеттер, өздерінің тəрбиеленушілерінің жəне өзге де кəмелетке
толмағандарды
жыныстық қатынастарға тарту, тұрмыстағы
құқыққа қайшы əрекет жəне т.б.
Соған қарамастан, осы негіз бойынша жұмыстан босату тек
дəлелденген жəне жеткілікті тексерілген
фактілердің негізінде
жүзеге асырылуы мүмкін.
12) ҚР «ҚР еңбек туралы» заңы
жеке еңбек шартына сəйкес
Достарыңызбен бөлісу: