Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


қызметкердің ұйыммен бірге басқа жерге ауысудан бас тартуы



Pdf көрінісі
бет79/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

қызметкердің ұйыммен бірге басқа жерге ауысудан бас тартуы 
табылады. Жалпы ереже бойынша бір ұйымда басқа жұмысқа 
ауыстыру не ұйыммен бірге басқа жерге ауыстыру 
қызметкердің жазбаша келісімімен жеке еңбек шартына 
өзгертулер мен толықтырулар енгізе отырып жүргізіледі. 
Ұйыммен бірге басқа жерге ауыстырудан бас тартқан 
жағдайда жұмыс беруші қызметкерді жұмыстан осы негіз 
бойынша босатады. 
Əдетте басқа жерге ауысатын кезде жұмыс беруші барлық 
қызметкерлерді емес, тек аса білікті жəне қажетті қызметкерлерді 
ғана өзімен бірге шақырады. Мұндай қызметкер басқа жерге 
ауысудан бас тартқан жағдайда, ол ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 
26-бабының 5-тармағына сəйкес жұмыстан босатылады. 
4) ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 26-бабының 6-тармағына 
сəйкес жеке еңбек шарты қызметкер неғұрлым жеңіл жұмысқа 
ауыстырудан бас тартқан кезде тоқтатылады. Заңдарда 
денсаулық жағдайына байланысты басқа жұмысқа уақытша ауысу 
көзделген. Белгілі бір жұмыс берушіде еңбек міндеттерін 
орындауға байланысты еңбекте мүгедек болуына, кəсіптік ауруына 
немесе денсаулығына өзге де зақым келуіне байланысты, 
қызметкерді жұмыс беруші неғұрлым жеңіл жұмысқа ауыстыруға 
міндетті. 
Бұл ретте қызметкердің бұрынғы жалақысы сақталады. 
Қызметкердің мұндай ауыстырудан бас тартуы заңдарда жеке 
еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу үшін 
негіз ретінде қарастырылады. Мұндай жағдайда қызметкер 
денсаулық жағдайына байланысты неғұрлым жеңіл жұмысқа 
ауыстырудан бас тартқан сəттен бастап еңбек қатынастары 
тоқтатылады. 


5) Нарықтық экономика жағдайында жұмыстың тиімділігін 
немесе бəсекеқабілеттікті арттыру мақсатында жұмыс беруші 
еңбек жағдайларын жиі ауыстырады. Еңбек жағдайларын 
ауыстыру кезінде қызметкер өзінің кəсібі (мамандығы), біліктілігі, 
лауазымы бойынша жұмысын жалғастыра беруі мүмкін. Бұл ретте 
жеке еңбек шартына тиісті өзгертулер мен толықтырулар 
енгізіледі. Алайда, егер қызметкер жаңа еңбек жағдайларында 
жұмыс істеуден бас тартса, жұмыс беруші өзінің бастамасы 
бойынша жеке еңбек шартын осы негіз бойынша бұзуға құқылы. 
8) Жеке еңбек шартын бұзудың тағы да бір негізі болып егер 
қызметкер тəртіптік жаза алған болса, оның еңбек міндеттерін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет