Вант-Гофф ережесі: Температураны əрбір 10 градусқа көтергенде реакция жылдамдығы 2-4 есе артады.
13. Температураның биологиялық реакциялардың жылдамдығына əсері. Катализ жəне катализаторлар. Ферменттер биологиялық катализаторлар ретінде, əсер етуінің ерекшеліктері. Ферменттер əсерінің жалпы схемасы. Ферменттер (энзимдер) - тірі ағзалардағы реакцияларды жылдамдататын жай жəне
күрделі белок молекулаларынан тұратын биологиялық катализаторлар.
Субстрат – ферменттің əсеріне ұшырайтын қосылыс.
Ферменттердің катализатор ретіндегі негізгі ерекшеліктері: -
өте жоғары каталитикалық активтілігі;
-
субстратқа жəне биохимиялық реакцияға таңдамалы (селективті)
түрде əсер ету қасиеті;
-
температура мен орта pH-ның өзгерісіне ерекше сезімталдығы.
Ферментативтік реакциялар үшін коэффициенттің мəні: ү= 6-8. Ферментативтік реакцияның схемасы: E+SES +P+E,
мұндағы S– субстрат;
Е — фермент;
ES – ферментті-субстратты комплекс;
P-реакция өнімі.
14. Биожүйелерде су əмбебап еріткіш ретінде. Адам организміндегі судың мөлшері жəне таралуы. Тіршілік үдерістеріндегі судың рөлін анықтайтын оның физикалық-химиялық қасиеттері. Тірі ағзада судың атқаратын ролі: -
су теңдесі жоқ еріткіш, ағзада зат алмасу процестеріне белсене қатыса отырып
қоректік заттардың тасымалдануы мен сіңірілуін қамтамасыз етеді;
-
адам ағзасының 60% судан тұрады;
-
ағзадағы судың 42% жасушаның ішкі сұйықтығын құраса, қалғаны - сыртқы
(жасушааралық) сұйықтықты құрайды;
-
су тіршілік процестерінде, атап айтқанда ісіну, осмос т.б. белсенді роль
атқарады, қанда жəне ұлпаларда онкотикалық қысымның белгілі бір шамасын
құрайды;
-
күнделікті судың қажеттілігі 1 кг дене салмағына ересек адам үшін 35 г, сəби
үшін 100-130 г құрайды;
-
Адам ағзасы 20% суды жогалтқанда жасушаларда болатын қайтымсыз
өзгерістердің нəтижесінде адам қазаға ұшырайды.