Коагуляцияны заряд таңбасы коллоидты бөлшектің заряд таңбасына
қарама-қарсы болатын электролит ионы тудырады, ион-коагулянттың заряды артық
болған сайын, оның коагуляциялаушы қабілеті жоғары болады.
47. Коллоидтық қорғаныс. Коагуляция үдерістерінің, пептизация жəне
коллоидтық қорғаныстың медициналық-биологиялық рөлі.
Коллоидты қорғау – бұл жоғары молекулалы қосылыстарды
(ақуыздар, полисахаридтер) енгізу жолымен коллоидты бөлшектердің бетінде
олардың бірігуіне кедергі келтіретін адсорбциялық-сольватты қабатты түзуі
арқылы зольдің агрегативтік тұрақтылығының артуы.
Қорғау саны – бұл 10 мл зольге 1 мл 10 % -дық NaCl ерітіндісін
қосқанда зольді коагуляциядан қорғайтын құрғақ ЖМЗ миллиграмына тең
болатын, ЖМЗ-ң коагуляциядан қорғау қабілетінің сандық сипаттамасы.
Зольдің табиғатына байланысты қорғау саны аталады
•
Достарыңызбен бөлісу: