11
Көрк
ем еңбек
1-тарау. Визуалды өнер
Оқушылар өз сұрақтарын негіздеуде, жоғары-
да келтірілген кестені пайдалана алады.
Ықтимал жауаптар:
Оқушылар бір суретте тек қана шартты бел-
гілер, атап айтқанда, геометриялық сызықтар мен
дақтар, басқасында көлемді композиция, үшінші-
де жарнамалардағы кейіпкер немесе шоу-бизнес
өкілі т.б. бейнеленгендігін айтады.
Олар жоба-
ланған бағыттарды атау барысында қателесуі де
мүмкін. Келтірген дәлелдеріне, терминдерді пай-
далануына назар аударыңыз.
Айтып бер.
Тапсырма оқушылардың шығармашылық қия-
лын ынталандыруға бағытталған.
Оқушылар за-
манауи өнер бағыттарында өздерінің идеяларын
дамыта отырып, ойланады. Саралауға назар ауда-
рыңыз, қажет болған жағдайда оқушыларға қол-
дау көрсетіңіз. Олар өздерінің идеяларын жүзеге
асыруға қажетті көркем құралдар мен әдіс-тәсіл-
дер туралы ойланады.
Ықтимал жауаптар:
Оқушылар заманауи өнер бағыттарының бірін
таңдап алады. Олар зерттеу альбомдарында түсін,
пішінін, қандай материалдарда жұмыстың орын-
далуы мүмкін екенін сипаттап, нобай жасайды.
Мысалы, абстракционизм үшін – коллаж бен бо-
яуларды, поп-арт үшін –
ашық бояуларды, ком-
пьютерлік графиканы, инсталляция үшін – қолда
бар заттарды (қоқыс, пластик шөлмектер) т.б. пай-
далануы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: