Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық



Pdf көрінісі
бет15/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

Өмірге құштар адам
Дүниеге қолсыз келген, соған қарамастан көр-
кем туындыларымен кең танылған суретшінің өмірі 
мен шығармашылығы туралы ақпарат оқушыларды 
өмірді сүйе білуге, қиындықты жеңіп, алға ұмтылуға 
жетелейді. Кәрікбек Күйіков – Семей полигонының 
ядролық сынағынан зардап шеккен суретші. Туған 
жерін шексіз сүйетін, қоғамдағы өзекті мәселелер-
ге бей-жай қарамайтын ерік-жігері зор, қайсар да 
табанды суретші – үлгі болуға, құрметтеуге әбден 
лайық жан.
Орындап көр. 
«Жарылыс» шығармасы бойынша эссе жазу 
барысында оқушылар суретшінің идеясы, визу-
алды образдардың маңызы, автордың өз ойын 
жеткізу тәсілдері туралы ойланады. Ядролық
саңырауқұлақ – қиратқыш дүлей күштің, зұлым-
дықтың образы. Адам алақанын жайып, зұлым-
дықтан құтқаруды сұрап, дұға етіп тұр. 
Түнерген ауыр түстер қасірет, дерт, үрей секілді 
трагедиялық жағдайды көрсетеді. 
Ойлан және сұрақтарға жауап бер.
Оқушылар заманауи өнер түрлері туралы 
сұрақтарға жауап береді. Қайтарған жауаптары 
арқылы олардың сабақ материалын қаншалықты 
меңгергенін білуге болады.
Қосымша тапсырмалар 
Сіз «Қазіргі суретшілердің туындыларындағы 
тарихи тұлғалар» немесе «Заманауи суретшілер 
мен технологиялар» секілді белгілі бір тақырып-
ты таңдап алып, оқушылармен техникалық про-
грестің Қазақстан бейнелеу өнеріне тигізген әсері, 
өнер мен тарихтың байланысы жайлы әңгімеле-
суіңізге болады. 
Бағалау
Эссені мына талаптар бойынша бағалаңыз: 
тақырыпқа сәйкестігі, тақырыпты түсінуі, келтірген 
дәйектерінің айқындығы, баяндау логикасы, өзін-
дік ерекшелігі.


14
Көркем еңбек
Тірек сөз: бейне.
Оқулық: Поп-арт стиліндегі Қазақстан образы, 14-15 беттер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет