Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық


Ойлан және сұрақтарға жауап бер



Pdf көрінісі
бет20/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

Ойлан және сұрақтарға жауап бер.
Оқушылар поп-арт стилінде жұмыс істегенде 
өздеріне не ұнағаны, қандай қиындық кездескені, 
идеяларын қалай көрсеткені туралы ойларымен 
бөліседі. Өз идеяларын ортаға салсын.
Қосымша тапсырмалар 
Оқушылар өздері жасаған логотипті басқа көр-
кемдік тәсілмен де жасап көрсін. Олар сіз ұсынған 
нұсқаларды өз жұмыстарын жетілдіруге пайдала-
нады. 
Бағалау 
Оқушылардың поп-арт стилінде жасаған жұ-
мыстарын сыныпта, топта талқылаңыз. Дизайнда-
рының ерекшеліктеріне, идеяларының тереңдігі-
не, визуалды элементтеріне назар аударыңыз.


18
Көркем еңбек
Тірек сөздер: комикстер, манга, аниме.
Оқулық: Шығармашылық жұмысты бастаймын. Комикстер. 18-19 беттер. 
Сабаққа байланысты деректі материалдар
Комикс – әзіл-сықақ немесе қызық оқиғаны әңгімелейтін, мазмұнына сәйкес мәтіні бар сурет-
тердің сериясы немесе «суретпен салынған хикая». Заманауи бұқаралық өнер жанры. 
Белгілі бір хикаяны сурет салу арқылы баяндау XVI-XVII ғасырларда Испанияда басталған. Бұл 
кезде діни мазмұнда гравюралар жасалып, халыққа сатыла бастады. Кейін Еуропада баспа өндірісі 
жаппай дамығанда одан әрі кең тарады. ХХ ғасырдың 30-50 жылдары Америкада танымал жанрлар-
дың біріне айналды. 
Комикстер стилі және әдеби жанры бойынша алуан түрлі болып келеді. Қазіргі кезде қызықты 
оқиғалар, әзілдер, супер ке йіпкерлердің бастан кешкендері, фильмдерді экрандау, фантастика, де-
тектив секілді түрлі жанрлар мейлінше көп тараған. 
Комикс мультипликациямен тығыз байланысты. Сartoon сөзі әзіл, мультфильм, комикс деген 
мағынаны білдіреді. Жапондық аниме мультфильмдерінің негізінде жапондық комикстер – манга 
жатыр. Франкотілдік әлемде комиксті bande dessinée (суретті таспа) немесе BD деп атайды. 
Комикстер туралы материалдарды ұсынғанда KhanComics комикстер баспасының мысалында 
(мысалы, «Дала» – Жоңғар хандығына қарсы Қазақ хандығының күресі кезіндегі жас жігіттің өмірі ту-
ралы) қазақстандық контентті қолданған дұрыс. Сонымен бірге жас суретші, дизайнер, қазіргі кездегі 
өзекті мәселелер туралы әлеуметтік комикстер сериясының авторы Аңса Мұстафаның жұмыстарын 
да үлгі ретінде алуға болады. Интернеттегі кейбір комикстерде зорлық-зомбылық пен қатыгездік 
байқалады. Сондықтан сабақта алдын ала тексерілген және мұқият іріктелген интернет ресурстарын 
ғана қолданыңыздар. 
Комикс бірнеше кезенде жасалады. Сценарий немесе сюжет ойлап табу, сюжетті миниатюра-
ларға (кадрларға) бөлу, комикс кейіпкерлері мен диалог терезелерін (жоспарлау) қойып шығу,
детальдарының суреттерін көркемдік әдіс-тәсілдермен салу кезеңдерінен тұрады. 
Комикстердің композициясында алдыңғы және артқы көрініспен классикалық композиция қол-
данылады. Сонымен бірге композицияның үзіндісі де болады. Көптеген комикстердің басты ерек-
шелігі - композициядағы диалог «бұлтшасы».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет