12
Көркем еңбек
Оқулық: Қазақстанның бейнелеу
өнеріндегі заманауи бағыттар, 12-13 беттер.
Сабаққа байланысты деректі материалдар
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанның бейнелеу өнері жаңа даму кезеңіне аяқ басты. Кескіндеме,
графика, мүсін өнерлері және сәндік-қолданбалы өнердің жаңа бағыттары дами бастады. Қазақстан-
дық заманауи бейнелеу өнері соңғы кездері шетелдерде де танымал болып келеді. Отандық суретшілер
кескіндеменің басқа материалдармен күрделі үйлесімін пайдалана отырып, өз жұмыстарында көркем
материалдардың, техника мен түрлі технологиялардың шексіз мүмкіндігін танытып келеді. А. Дүзелха-
новтың «Томирис», «Абылай хан», «Әбілқайыр хан» кескіндемесінде, Ғ. Қаржасовтың, А. Смағұлованың,
Н. Қилыбаевтың, Ә. Бапановтың, С. Бапанованың сәндік-қолданбалы өнерінде, Ж. Үмбетовтің және тағы
көптеген басқа суретшілердің шығармаларында халықтың тарихи тамырлары мен дәстүрлері көрініс
тапты.
1990 жылдан бастап бейнелеу өнеріндегі жаңа үрдістерді қолдаушы белсенді суретшілер Алматы-
да және Шымкентте «арт-топтар» ұйымдастыра бастады. 1997 жылы Алматы қаласында трансавангард
бағытындағы суретшілердің алғашқы және ең айшықты көрмесі ұйымдастырылды. Содан кейін біздің
суретшілеріміз этнография, трансавангард, авангард, постмодернизм, инсталляция, перфоманс стиль-
дерінде салынған, жаңашылдық идеялары байқалатын туындыларын Еуропа және АҚШ-тың танымал
галереяларында көпшілік назарына ұсынды. «Қызыл трактор», «Жасыл үшбұрыш» деп аталатын сурет-
ші топтарының туындыларынан жұртшылық қайталанбас қолтаңбалармен таныса бастады. Олар жүн-
нен жасалған композициялар арқылы қоғамдағы өзекті тақырыптарды қамтитын ауқымды фотокөрме,
инсталляциялық композициялар мен перфоманстар ұйымдастырды. Осылайша, адами құндылықтарды
көркемөнер арқылы насихаттауды көздейтін суретшілер шоғыры қалыптасты.
Кәрікбек Күйіков – белгілі қарағандылық суретші. Семей полигонының зардабын тартқан суретші
қылқаламын аузымен және аяқ саусақтарымен ұстайды. Алайда осындай қиындықтарға қарамастан ол
тынымсыз еңбектеніп келеді. Суретші көркемөнер мен сурет салуға арналған компьютер бағдарламасын
меңгеріп, ядролық қаруға қарсылықты насихаттаумен айналысып, өмірден жаңа мүмкіндіктерді талмай
іздестіріп келеді. Суретшінің мұқалмас ерік-жігері мен өмірге құштарлығы таңғалдырады. 2016 жылы
Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік істері жөніндегі саммит кезінде
Қазақстан Республикасының
Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тың сол кездегі Президенті Барак Обамаға Кәрікбек Күйіков тің
ядролық сынақ көрінісі бейнеленген «Жарылыс» атты суретін сыйға тартты.
Достарыңызбен бөлісу: