Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық


Сабаққа қатысты ескертулер



Pdf көрінісі
бет52/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

Сабаққа қатысты ескертулер 
Оқушылар назарын сабақ тақырыбына аудару 
үшін оқулықтағы суреттерге қарап шығуды ұсы-
ныңыз. 
Суреттерге мұқият қара. 
Өткен тақырыпты қайталауға берілген бұл
тапсырма оқушылардың байқампаздығын дамы-
тады. Суретте оқушыларға таныс бұйымдар бейне-
ленген. Олар бұл заттардың ортақ белгілерін, қан-
дай білдекте жонылғанын айтуы тиіс.
Тәжірибе жаса.
Бұл тапсырма зерттеу дағдыларын дамытады. 
Жеке тәжірибені қорытуға және аталмыш тақырып 
бойынша алған білімі жайлы ойлануға мүмкіндік 
береді. Оқушыларға көрсетіп қарындаш ұштатыңыз 
және ұшталатын тұсының қандай пішінге айналып 
бара жатқанын бақылатыңыз. 
Оқушыларды мына терминдермен танысты-
рыңыз. Сүргілеу – ағаш бетін тегістеу үшін жұқа-
лап жоңқалау. Аралау – ағашты арамен екіге бөлу. 
Бұрғылау – бұрғы түрлерімен жасалатын техно-
логиялық жұмыс. Тегістеу – металды кесу арқылы 
өңдеу түрі. Фрезерлеу – ағаш бұйым бетін өңдеуде 
кең қолданылатың өндірістік тәсіл. 
Назар аудар. 
Тапсырма ұсынылған сурет бойынша токарь 
білдегінің құрылымын өз бетінше оқып-үйренуге 
бағытталған. Оқушылар оқып-үйрену барысында 
білдектің негізгі бөліктерінің атауларын альбомға 
жазып қояды. Теориялық материалмен танысқан 
соң, алған білімдерін тәжірибе жүзінде байқап 
көреді. Ол үшін токарь білдегімен жұмыс істеп
бөлшектерімен танысады. 
Оқушылар материалды толыққанды игеру үшін 
өзіңіз білдек құрылысын түсіндіріңіз, оның негізгі 
бөліктері мен қызметін көрсетіңіз. 
Білдектің жұмыс тәсілімен таныстырыңыз. То-
карь білдегі магнитті қосқыш арқылы іске қосыла-
ды. Бұл білдекте белдікті беріліс – қозғалтқыштан 
айналдырғышқа (атқарушы органға) ауыстыра-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет