Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық


Ойлан және сұрақтарға жауап бер



Pdf көрінісі
бет51/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

Ойлан және сұрақтарға жауап бер.
Оқушыларға аталмыш мәселе бойынша өз
пікірлерімен бөлісуді ұсыныңыз. Оқушылардың 
барлық жауаптарын қабылдаңыз.
Ықтимал жауаптар: 
Адамдардың сапалы өмір сүруді қалауы. Адам 
өмірін жеңілдететін және өмір сүру сапасын 
жақсартатын бұйымдар әзірлеу.


44
Көркем еңбек
Тірек сөздер: токарь білдегі, жону, фасонды бет, алдыңғы және артқы қысқыштар, айналдырғы, 
тіреуіш.
Оқулық: Ағаш өңдеуге арналған токарь білдегі. Құрылысы. 44-45 беттер.
Сабаққа байланысты деректі материалдар
Цилиндр немесе конус пішіндес ағаш бұйымдарды өңдейтін токарь білдегі керек. Ағаш жонитын 
білдектің негізгі қызметі – ағашты айналдыру. Ұста әдеттегі ағаштан біртіндеп жиһаздың аяғын, 
шамның корпусын, сүйеніштердің бағанын, ойыншықтарды, ыдыстар мен құмыраларды т.б. жасап 
шығарады. Токарьлық өңдеу дегеніміз – материалды кескіштер көмегімен кесу. Білдекте айналатын 
ағашты өңдеу – қашау, жону деп аталады. Айналмалы дененің пішінді бетіне бөлшектің осіне қарата 
әртүрлі бұрышпен орналасқан қисық және түзу сызықты комбинацияларды жатқызады.
Ағаш өңдеуге арналған токарь білдегі. Құрылысы
Оқушылар сабақ тақырыбын 
меңгере отырып: 
• заманауи технологиялық мәшинелердің құ-
ры лымы мен жұмыс істеу қағидатын сипат-
тайды;
құрастырмалы, табиғи және жасанды мате-
риалдардың физикалық, механикалық және 
технологиялық қасиеттерін анықтауды және 
салыстыруды үйренеді;
• ағаш өңдеуге арналған токарь білдегінің 
құрылысымен танысады;
• токарь білдегінің негізгі сипаттамаларына 
зерттеу жүргізеді. 
Ресурстар:
токарь білдегі, ағаш жонуға арналған материал-
дар мен құрал-саймандар; цилиндр тәріздес ұлттық 
нақыштағы бұйым үлгілері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет