Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық



Pdf көрінісі
бет48/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

42
Көркем еңбек
Тірек сөздер: мәшине технологиясы, механикалық өңдеу, ағаш өңдеу білдегі.
Оқулық: Ағаш өңдеуге арналған заманауи технологиялық мәшинелер, 42-43 беттер. 
Сабаққа байланысты деректі материалдар
Конструкциялық материалдар – конструкцияның бөлшектері дайындалатын материалдар. 
Жару – ағашты сына тәрізді құралмен талшықтарының бағыты бойынша бөлу. Жарғыш құрал-
дарды паркет және бөшке тақталарын, балта сабы мен тұтқаны, жаппа тақтаны, сылақ жарықшақта-
рын, отын дайындау кезінде қолданады. Көп жағдайда жару аралауға қарағанда тиімді, өйткені
қарапайым тәсілдерді қолдана отырып, ақауы бар немесе отынға арналған ағашты пайдалануға 
болады. Кесу – ағашты механикалық өңдеудің негізгі түрі. Кесу арқылы материалдан өзімізге ке-
рек пішінді, өлшемді аламыз немесе қажетті бедерді жасаймыз. Кесу кезінде қысу мен сығымдауға 
қарағанда, ағаштың құрылымдық элементтерінің (талшықтарының, жасушаларының) байланысы 
үзіледі. Кесу кезінде аралау, сүргілеу, фрезерлеу және т.б. іс-әрекеттер жүзеге асырылады.
Ағаш өңдеуге арналған заманауи технологиялық
мәшинелер 
Оқушылар сабақ тақырыбын 
меңгере отырып: 
• заманауи технологиялық мәшинелермен 
танысады; 
• олардың классификациясын және атқара-
тын міндеттерін біледі.
Ресурстар:
ағаш өңдеуге арналған бұрғылаушы, жонушы, 
сүргілеуші және токарь білдектері; қолдан немесе 
механикалық өңдеу арқылы жасалған тұрмыстық 
заттардың үлгілері, музыкалық аспаптар, үй шаруа-
сына керекті заттар, қазақ халқының ыдыс-аяқтары, 
мультимедиялық жабдықтар.
Сабаққа қатысты ескертулер 
Тапсырманы орындамас бұрын оқушылар-
дан қол құрал-саймандарымен өңделген ағаш 
үлгілерін әкелуді және бұл өңдеу түрлерін қан-
дай құрал-жабдықтармен немесе құрылғылар-
мен жылдамырақ жасауға болатынын сұраңыз. 
Оқушылар үйдегі қолмен жасалатын жұмысты 
жеңілдететін тұр мыстық шағын құрылғыларды 
және электрқұралдарын атасын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет